Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ашық қалған кәріз құдықтарына кім жауапты?

AstanaTV
17.11.2020ж. 20:00
3880
Ашық қалған кәріз құдықтарына кім жауапты?

Бүгінгі «Телерепортер» айдарында Алматы облысы Байсерке ауылдық округінде қақпақсыз, ашық жатқан құдықтар мәселесін қайта көтеруді жөн көрдік. Өйткені мәселе бар, бірақ шешетін шенеунікті табу бізге де оңай соқпады. Осы ауылдағы көрерменіміз өзі тұратын Әлкей Марғұлан атындағы көшеде беті ашық жатқан құдықтардың бірнешеуін таспаға түсіріп алып, видеосын бізге жолдапты. Алдымен сол таспаға назар аударайық.

Водопровод трубасының орнына канализацияның шірік трубасын қойып жіберген. Қақпағы да жоқ. Міне, суға толып жатыр. Бұған балалар түсіп кетсе кім жауап береді? Іле ауданы әкімдігі, сіздер  жауап бере аласыздар ма? Міне, құдық қақпағы жоқ.

Бізге кешелі-бері ауылдың атқамінерлерімен байланысу қиынға соқты. Осы мәселеге жауап беретін әкім орынбасары телефонын көтермей қойды. Бүгін облысқа, ауданға шығымданып, іздеген адамымызды таптық. Қазір бізбен байланыста Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулетхан Жетеуов бар екен. Дәулетхан Қасымқанұлы, кеш жарық! Жалпы әкімдік халықпен, БАҚ-пен ашық байланыста болу қажет екенін, ел Президенті жиі айтады. Бірақ, соның нәтижесін көре алмаймыз. Кешелі-бері Сізге іздеу салдық. Тілдесуге құлқыңыз болмады ма? Әлде айтар жауабыңыз болмады ма?


Дәулетхан ЖЕТЕУОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЙСЕРКЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүткіл құдық дегенде жалғыз ғана құдық қой. Бізге Марғұлан №10-нан хабарласқан, жолыққан. Мен уақытысы келгенде ақауды жөндейміз, уақытша жаба тұрыңыз дедім.

Енді бұл құдықтың бетін жабуға қанша уақыт керек?

Дәулетхан ЖЕТЕУОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЙСЕРКЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


10-ақ минуттық жұмыс қой.

Осы құдықтың қақпақтары қай жерде қазір?


Дәулетхан ЖЕТЕУОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЙСЕРКЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қалай қай жерде? Біз жаңадан әкеліп, орнатып қойдық.

Сонда кешеден бері орнатып қойдыңыздар ғой?

Дәулетхан ЖЕТЕУОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЙСЕРКЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Иә, орнатып қойдық.


Жақсы. Хабарласқан тұрғын кәріз жүйесіне ескі, шіріген құбырлар тартылған деді, жаңа естісеңіз. Құбыр жарылыпты. Неге мұндай жұмыстарды әкімдік қабылдап алады?  

Дәулетхан ЖЕТЕУОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЙСЕРКЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Ол 2014 жылы тартылған су құбыры, кәріс құбыры емес. Бірақ бір екі жерінен ақау шықты, соны орнына келтіріп, бүгін жасап қойдық.

Яғни ақаудың барлығы қалпына келтірілді ғой?

Дәулетхан ЖЕТЕУОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЙСЕРКЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Иә, суретін жібердім сіздерге.


Жақсы, сұхбатыңызға рақмет! Кәріз құдықтарын, адам түсіп кетпей тұрғанда жабасыз деп сенейік.  Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған мәселе болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Хат жазыңыз, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ