Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қолдан жасалған 900 мыңға жуық АҚШ долларын сатпақ болған күдікті ұсталды

AstanaTV
17.11.2020ж. 20:00
2285
Қолдан жасалған 900 мыңға жуық АҚШ долларын сатпақ болған күдікті ұсталды

Абай болыңыздар. Алматыны жалған ақша жайлап бара жатқанға ұқсайды. Экономикалық тергеу департаменті, қолдан жасалған 900 мыңға жуық АҚШ долларын сатпақ болған алматылықты қолға түсірді.

Тінту кезінде алматылықтың қолындағы пакеттен 293 мың доллар табылған. Бұл бер жағы. Тергеушілер оның үйінен тағы 600 мың жалған ақша анықтапты. Мамандардың айтуынша, валютаны қарапайым көзбен тану мүмкін емес. Қолмен ұстағанда ғана ақшаның жалған екенін білуге болады екен. Қомақты қаражат қайдан шықты? Алматылық өз қолымен жасады ма әлде басқа жерде дайындалды ма? Мұны ұсталған азамат әзірге ашып айтпады. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер оның айыбы дәлелденіп жатса оған 800 айлық есептік көрсеткіш түрінде айып пұл салынады немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жақсылық МЫРЗАХАН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 231 бабы, яғни жалған ақша немесе құнды қағаздарды жалған жасау бабы бойынша тергеу амалдары қозғалып, қазіргі аталған факт бойынша таңда тергеу амалдары жалғасуда.

А. Кемелжан