$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атыраулықтар халықты латын әліпбиіне көшуді дайындауды ұсынды

AstanaTV
19.09.2017ж. 20:00
4399
Атыраулықтар халықты латын әліпбиіне көшуді дайындауды ұсынды

«Латын әліпбиіне көшу мәселесін халықпен бірге талқылануы керек». Атыраулық зиялы қауым өкілдері де осындай пікір білдірді. Қазақ тілін күтіп тұрған үлкен өзгеріске қатысты ұсыныстар «Латынға көшу - болашақ таңдауы» тақырыбында өткен жиында айтылды. Еркін пікір алаңына аймақ басшылары, журналистер мен тарихшылар, тіл мамандары мен ғалымдар қатысты. Олардың айтуынша, латын әліпбиіне көшу түбі бір түркі әлеміне жақындаудан туған қажеттілік екені сөзсіз. Алайда, халық арасында бұл шешімге байланысты түсінбестік көп. Кейбіреулер ана тіліміздің болашағына алаңдап, төл әріптерімізден айырылып қаламыз деп қорқады, - дейді тіл жанашырлары. Сондықтан әріптердің таңбалануы мен дыбыс ерекшеліктерін сақтау қажет,- деп санайды. Зиялы қауым өкілдері қазақы латын қарпінің сақталатынын халыққа түсіндіріп, барынша ұғынықты түрде көпшіліккее мәселені жеткізуі тиіс. Ол үшін алдағы уақытта Атырауда түрлі семинарлар мен пікір-сайыстар ұйымдастыру жоспарда бар.

Әбілхан Төлеуішов, Халықаралық қазақ тілі қоғамы Атырау облыстық филиалының төрағасы:

Бұл жерде қателесуге болмайды. Себебі бұл жерде кеткен қателік біздің болашағымызға үлкен зиян тигізуі мүмкін. Қазақи болмысымыз, кейде бір жаңалыққа жатырқай қарайтын, екіге бөлінушілік. Міне, осы мәселелер талқылауды, халыққа түсіндіруді, жете зерделеуді қажет етеді. Олардың бәрін зерделеп барып, іштей екшеп барып, өзіміздің қазақи төл латын қарпін қабылдауымыз қажет.

Жұмабай Доспанов, тарихшы, журналист:

Біздің, өзге ұлттарға қарағанда, мынау ағылшын тектестерге қарағанда, өзгешелігіміз бар. Мынау француздар жақындау, түркі тілдестер. Соны үндестікті мынау дыбысқа оны байланысты қағазға түсіру, сол жерге өте қатты көңіл бөлу керек.