Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада коммуналды қызметтер бойынша ақпарат жинайтын құрылғы пайда болады

AstanaTV
19.09.2017ж. 20:00
3234
Астанада коммуналды қызметтер бойынша ақпарат жинайтын құрылғы пайда болады

Астанада коммуналды қызметтер бойынша ақпараттарды жинақтайтын жоғары технологиялы құрылғы пайда болады. Бұл туралы "АСТАНА INNOVATIONS" басқармасының төрағасы Олжас Сартаев айтты.  Аталған заманауи құрылғының техникалық мүмкіндіктері өте жоғары. Мәліметтерді бір жерге жинақтаудан өзге ауа райының қолайсыздығы мен тайғақ жерлерді де аңықтап беретін көрінеді. Осыған байланысты көптеген жеңілдіктер пайда болмақ. Мәселен, коммуналды шаруашылық саласының қызметкерлері жұмыстарын уақытылы тындыратын болады. Жобаны 2018 жылға қарай толық іске қосу жоспарда бар. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, «Көшені ақылды жарықтандыру» жобасы қолға алынған. Осының арқасында көше шамдары мен түнгі уақытта шаһарды жарықтандыруға кететін шығын әдеттегіден 60 пайызға азаяды деген сенім мол. Және қаржыны да айтарлықтай үнемдейді. Қазір елордада 600-дей шам ауыстырылған. Жаңадан қолданысқа енген шамдардың қызмет ету мерзімі 6 айдан 15 жылға дейін жетеді.

Олжас Сартаев, "АСТАНА INNOVATIONS" АҚ басқарма төрағасы:

Бүгінгі таңда өзара қосыла алатын, интернетке шыға алатын көптеген құрылғылар пайда болды. Бұл құрылғылар өзара тілдесіп, бейдейдер құрылғылары ақылды қалалар үшін маңызды жобалардың бірі. Талдау және жылдам шешімдерді қабылдау арқылы операциялық шығындарды төмендетеді. Талдау негізінде бюджетті дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге,  әкімдік тарапынан "Сергек" интеллектуалды бейнебақылау жобасы іске асырылып отыр. Бұл жүйе бойынша ереже бұзудың бірнеше түрі тіркеледі деп жоспарланған. Атап айтсақ, көлік басқарған кезде жылдамдықты шамадан тыс арттыру, Бас лайн автобус жолақтарына шығып кету, сондай-ақ "тоқта" белгісі бар сызықтарды кесіп өту сияқты заңсыздықтарды бақылап отырады. Бұл жобаға инвесторлар тарапынан 8,4 млрд теңге құйылған.