$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Аймақтарда үміткерлер таңдалды

AstanaTV
18.11.2020ж. 20:00
1950
Аймақтарда үміткерлер таңдалды

Парламент депутаттығыны үміткерлерді таңдалды, аймақтарда әлі жалғасып жатыр. «Nur Otan» партиясының аймақтық филиалдарының кезектен тыс конференциялары барысында, партияның ХХ Съезіне баратын делегаттардың тізімі бекітілуде. Шара аясында кандидаттар өзара пікір таластырды. Депутаттыққа үміткерлердің ішінде әртүрлі саланың мамандары бар.

Жамбыл облысы бойынша Мәжіліс депутаттығына 15 үміткер тіркелді. Дауыс беру нәтижесінде олардың 5-уі үздік деп танылды. Енді олар алдағы сайлауда бақ сынамақ. Сондай-ақ, жиында облыстық мәслихатқа үміткерлердің де тізімі бекітілді. Жаңарған, жасарған құрам ел игілігі жолында қызмет етпек.

Ергеш НҰРБАЕВ, «ЖАМБЫЛ ГРЭС» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Депутат болғанда қандай мәселелермен айналысатыны жөнінде үлкен әңгіме болды. «Nur Otan» партиясының атынан түсіп жатқан кандидаттар сол өздерінің айтылған, бүгін айтып халықтың алдында шыққан жоспарларын келешекте жүзеге асырады - деп ойлаймын.

Ал Атырау облысында жан-жақтан түскен ұсыныстардың 50 пайызы сайлауалды бағдарламаға енгізілген. Депутаттар негізінен аймақтағы өзекті мәселелерге назар аударып, оның шешу жолдарын айқындамақ. Кезектен тыс конференцияда парламентке 8 кандидаттың 3-уі жолдама алды.

Дарын ШАМҰРАТОВ, ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Негізі көңілімізге ұнағаны бұл Жайық өзенінің мәселесі,  су қорларын одан әрі көбейтуге ықпалы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, өңдеу бойынша жалпы үміткерлердің  қай-қайсысының да айтқан ұсыныстары сайлауалды бағдарласы көңілімнен шықты деп айта аламыз.

Гүлмира ШӘКІРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ  ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қуантатын жай облыстық  мәслихаттың партиялық тізіміне көптеген жастар енгізіліп отыр, 25 пайыздан аса. Тағы да бір қуантатын жай ол біздің әйел азаматтарымыз   47 үміткердің ортасында  30 пайызы әйел азаматтар.

Павлодар өңіріндегі 16 үміткердің арасынан, 4-уі топ жарып шықты. Праймериз барысында аймақта 2000-нан астам сауал түскен болатын. Оның 80 пайызы  әлеуметтік мәселелерге қатысты еді. Осы мәселелерді шешуді енді кандидаттар назарға алмақ. Шара соңында мәслихат ХХ съезге қатысатын делегаттарға да таңдау жасады.

Данияр АЙТЫШЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Бүгінде интернет даму қарқыны жоғары. Көбі интернет арқылы жұмыс жасайды. Жастар еңбектеніп жұмыс жасауға тырыспайды. Сондықтан бұл мәселені бүгіннен қолға алуға керек.

Шара соңында мәслихат ХХ съезге қатысатын делегаттарға да таңдау жасады. Павлодарда партиялық құрам 55 пайызға жаңарған. Олардың ішінде мұғалім, дәрігер, кәсіпкер, әкімдер де бар. Үміткерлердің 20 пайызын жастар құрайды. Айта кетейік, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлау, келесі жылдың 10 қаңтарына жоспарланып отыр.

Ө. Қуанар