Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда қыс басталмай жатып құбыр жарылып жатыр

AstanaTV
18.11.2020ж. 20:00
2267
Атырауда қыс басталмай жатып құбыр жарылып жатыр

Атырауда қыс басталмай жатып, жылу құбырынан ақау шықты. Осының салдарынан ыстық су көшеге жайылып, айналаны қалың тұман басты. Көпқабатты үйлер жылусыз қалды. Коммуналдық сала мамандары болса, құбырдың апатты тұсын анықтай алмай, әбден әуреге түсті.

Сәрсенбі коммуналдық қызмет үшін сәтті бола қоймады. Жылу құбыры жарылған. Айналаға ыстық су жайылып, "Нұрсая" мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлер жылусыз, сусыз қалды. Коммуналдық сала мамандары құбырдың апатты тұсын анықтай алмай, әбден әуреге түсті.

Бірер сағаттаң соң 3 үйге жылу берілді. Ал қалған 4 үйге жылу апаратын құбырдың ақауын анықтай алмай коммуналды қызмет өкілдері біраз сандалды.

Кенжебек ҚАМАЛАДЕНОВ, АТЫРАУ қ. ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір іздестіруде жылу құбырынан аталған 4 үйдің кемшіліктері. Тезарада жою шараларын аламыз. Тексеріп жатырмыз қазір.  Аталған құбырға келсек, 2015 жылы ауыстырылған.

Ал, жылусыз, сусыз қалған нұрсаялықтардың коммуналды қызметке өкпесі қара қазандай. Өйткені жыл сайын қыс басталса, жылудан проблема тууы қалыпты көрініске айналғанына ашулы.   

Жанат АҚДӘУЛЕТОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Тоңып жатыр. Бүгін таңертеңнен бастап. Таңда тұрсам , салқын болып кетіпті. Білмеймін таңертең 5-те ме екен, 6-да ма екен содан бері. 2012-ден бастап келдім содан беру мучениемен келе жатырмын.


Тек түске таяу ғана мамандар ақауды анықтады. Жылу жүйесіндегі пластик құбыр сынып кеткен. Әкімдіктегілер бұл үйлердің жылу құбырын келесі жылы толықтай жаңарту қажет деді.  Айта кетейік, жергілікті атқамінерлердің айтуынша бұл аумаққа құбырлар 5 жыл бұрын жаңадан тартылған. Ал, оған сол кезде қанша қаражат жұмсалғанын ешкім айтқысы жоқ.

Б. Нәдірқызы