Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Үкімет «Nur Otan» фракциясы алдында сайлауалды бағдарламаның орындалуы туралы есеп берді

Үкімет «Nur Otan» фракциясы алдында сайлауалды бағдарламаның орындалуы туралы есеп берді

«Nur Otan» фракциясы депутаттары сайлауалды міндеттемелерін толықтай орындады. Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының отырысында осылай деді. Премьер министрдің айтуынша, соңғы 4 жылда халық қалаулылары 55 заң жобасын әзірлеген. Ал, олардың тарапынан шыққан ұсыныстар қолда тауып оған бюджеттен 138 млрд 300 млн теңге бөлініпті.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:


Автомобиль және темір жолдар салынып, жаңартылды. Замануи логистика белгілері іске қосылды. Осының нәтижесінде 559 мың жұмыс орны ашылды. Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайын реконструкциялаудан өткізу қабілетін 3 есе ұлғайтты.

Сондай-ақ, фракция мүшелерінің арқасында 3 мыңнан астам бала-бақша мен 500-ге жуық мектеп салынды. Нәтижесінде елде, апатты жағдайда тұрған және үш ауысымда оқитын мектептерінің саны азайды. Биыл тағы 56 білім ошағы пайдалануға берілмек. Ал депутаттар өз кезегінде, қолға алатын шаруа әлі де шаш етектен деп отыр.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бизнесті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалды. Кедергілер алынды. Мемлекеттік қолдауларда көрсетіліп жатыр. Енді кәсіпкерлерлік субъектілердің де әлеуметтік жауапкершілігін арттыру қажет деп ойлаймыз. Яғни, олар уақытында салықты төлеу керек. Жұмысшыларға жалақыны беру керек. Жаңадан жұмыс орындарын ашу керек.


А. Мүтәлі