Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде адам өміріне қауіпті үш жүзге жуық жеделсаты бар

AstanaTV
18.11.2020ж. 20:00
1945
Ақтөбеде адам өміріне қауіпті үш жүзге жуық жеделсаты бар

Ақтөбеде адам өміріне қауіпті 300-ге жуық жеделсаты бар. Тозығы жеткен құрылғыларды шұғыл ауыстыру қажет. Бұл аз болғандай, 16 лифт қанша жылдан бері мүлде тоқтап тұр. Мәселе биыл да шешілмеді. қаладғы жеделсатылардың жайын аймақтағы әріптесім Бақыт Рахметова жеткізеді.

73 жастағы Галина Маслова, өзі тұратын үйде жеделсаты тоқтағалы далаға шықпапты. Алты айдан бері қамалып отыр. Тоғызыншы қабаттан жаяу түсіп-қайта көтерілу арман болып тұр. Жүрегі әлсіз, оның үстіне аяғы да жарамайды. Азық-түлігі мен дәрі-дәрмегін көршілері әкеп жүр.

Галина МАСЛОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен далаға шықпаймын. Өйткені үшініші қабатқа дейін әрең дегенде көтерілемін. Оның өзінде демалып, демалып жетеміз. Тоғызыншы қабатқа көтерілуге денсаулығым жарамайды. Екі жыл бұрын лифт сұрадық. Әлі жоқ.

Тұрғындар мәселені көтеріп, талай табалдырықты тоздырыпты. Бірақ нәтижесіз деді. Олар лифт болмаған соң, жедел-жәрдемде келмейтінін айтады.

Татьяна ГРЕЧКА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жедел-жәрдем қызметінің өзі сұрайды. Егер тоғызыншы қабат десең, лифт жұмыс істемейтінін білсе, келмейді де. Телефонмен кеңес береді. Өйткені көтерілгісі келмейді. Өте қиын.

Зәуре БАЙМҰХАНОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Документтің бәрі дайын енді не керек екенін білмеймін. Халық деген шаршады. Ауғанға қатысқан кісі, пенсионерлер, көзі көрмейтін кісі тұрады. Медсправкаға дейін жинадық қой. Шындығын айтқанда.

Қала бойынша лифтісі тоқтап тұрған 16 көпқабатты тұрғын үй бар. Тағы 300-ге жуық жеделсатының тозығы жеткен. Тәуелсіз сарапшылар мәселені шешу үшін қажетті қомақты қаражаты тұрғындардың қалтасы көтермейді деді. Өйткені бір лифтті ауыстыру үшін шамамен тоғыз миллион теңгеден астам қаржы керек.

Бақытжан КЕНЕСАРИН, ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ:

Олар көне лифт қой. 80-70 жылдары салынған. Ол уақытта лифттарды басқаша шығарды. Безопасность аз, элекроника аз. Сондықтан адам өміріне қауіпті. Износ шаршап тұрған лифттер. Екіншіден құрал сайман запчасти жоқ.  

Әкімдіктегілердің айтуынша қала бойынша 605 лифт бар. Олардың 259-ының пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан. Бірақ оны ауыстыратын аймақтағы қызанада ақша жоқ дейді.

Ақнұр ҚАЗБАЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Енді биылға 2020 жылға жүз лифтті ауыстыруға заявка дайындадық. Алайда осы жылға ақша бөлінбегендіктен 2021 жылға біздер күтеміз. Ақтөбе қаласы бойынша 100 лифтіге жалпы соммасы 920 млн шығып тұр.


Жергілікті атқамінерлер бұл мәселені келесі жылы шешеміз деп уәде етті. Республикалық бюджеттен 920 миллион теңге сұрамақшы. Ал, ол беріле ме, жоқ па әзірге белгісіз.

Б. Рахметова