Талдықорған қаласындағы 32 отбасы далада қалуы әбден мүмкін. Өйткені, олар тұратын көпқабатты үйдің қабырғасы қақырап, сылағы құлап жатыр. Көненің көзі болған екіқабатты 4 баспананы, әкімдік мамандары "тұруға жарамсыз" деп таныған. Содан бері 4 жыл өтті деді арнамызға көрермен хабарласты. Айдың-Күннің аманында үйінің астында қалып қоямыз ба деген бұқараның жанайқайын, алдымен тыңдап алсақ.
Нәзира МЫРЗАХМЕТОВА, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жаңбыр қау жауғанда төбеден су ағып, үйге дейін ағады. Подъездің бәрі су. Төбелер опырылып құлап жатыр. Өте қауіпті. Өзімізше ремонт жасайық десек де бәрі үгітіліп жатыр. Ешқандай ремонтқа келмейді. Төбеден су аққанда сырость. Балалар жиі ауырады.
Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Хабарласқан тұрғынның өтініші бойынша талдықорғандық атқамінерлерге хабарластық. Дәл қазір бізбен байланыста қалалық Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Сержан Құрманбаев шыққалы тұр. Сержан Қадырханұлы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Өздеріңіз бұл баспаналарды апатты депсіздер. Содан бері 5 жылға жуықтапты. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге не кедергі болып тұр сонда?
Сержан ҚҰРМАНБАЕВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда қала бойынша бізде апаттық үйлер, расымен де Кивилева көшесінде 4 үйіміз бар. Ол үйлеріміз 8 пәтерлі. 32 квартира. 32 квартираның қазіргі таңда 25 пәтерінде ғана құқық қорғайтын құжаттамалары бар. Қалған пәтер иелерінде ондай құжаттар жоқ. Біз оларды межведомсвалық комиссия арқылы апаттық деп таныдық. Әрі қарай шара қолданайық десек, сол кісілерге біз уже қанша жыл қатарынан түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Ол кісілер жаңа құжаттарын сот арқылы рәсімдеу керек. Алайда, ол кісілер бәрін жақсы біледі. Бірақ ол жұмысты олар өздері жасамайды. Себебі, ол олардың өздерінің жеке мүлкі. Оны мемлекеттік мекемелер немесе жергілікті атқарушы органға жеке мүлкі үшін сотқа арыздануы тиіс.
Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Жақсы. Ол құжаттарды рәсімдеген соң, тұрғындар бірден жаңа үйге көше ме? Әлде тағы күтуі керек пе?
Сержан ҚҰРМАНБАЕВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жоқ ол жерде Тұрғын үй қатынастары 28 бабы бойынша біз ол кісілерді сотқа береміз. Соттан кейін ол кісілерді бюджеттый заявкаларды әзірленеді де, бюджетный заявка расталғаннан кейін ол кісілерге равноценный жилье мемлекет атынан сатып алынады.
Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Тоқ етерін айтыңызшы. Тұрғындар нақты қашан қауіпсіз баспанаға ие болады?
Сержан ҚҰРМАНБАЕВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қашан толығымен үйдің құжаттарын рәсемдегеннен кейін. 32 пәтердің толығымен 100 пайызы рәсемделгеннен кейін мемлекет тарапынан әрі қарай жұмыстар жасалынады. Көмек көрсетіледі.
Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Қорықпайсыздар ма? Құжат дайындап жүргенде шаңырағы ортасына түсіп, адамдар зардап шегеді деп. Ол кезде кім жауап береді?
Сержан ҚҰРМАНБАЕВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Ол бойыншы енді қорқыныш бар. 5 жыл қатарынан тұрғындарға толығымен бәрін көмектесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қандай құжаттар жинау қажет екенін. Алайда тұрғындар өздері қимылдағысы келмейді. Ол кісілерге мемелкет дайындап беру керек деп ойлайды ғой деймін. Бірақ ол олай жасалмайды. Ол кісілер өздері сотқа арыз беруі керек. Біз осы арқылы заңгерлерді консультация арқылы бәрін түсіндіргенбіз. Мен қаншама рет барып түсіндіргенмін ол кісілерге.
Жақсы, рақмет сұхбатыңызға! Бұл мәселе сөз жүзінде қалмайды деп сенейік. Ал, біз апатты үйдегілердің проблемасын өз бақылауымызға аламыз. Қадірменді көрермен, егер сізді де алаңдатқан өзекті мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей экранда жауабын іздейтін боламыз.
А. Мүтәлі