Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда үйде отырып синтетикалық есірткі дайындаған күдікті топ ұсталды

AstanaTV
19.11.2020ж. 20:00
2203
Алматыда үйде отырып синтетикалық есірткі дайындаған күдікті топ ұсталды

Алматыда синтетикалық есірткі дайындап, саудаға шығарып жүрген қылмыстық топ анықталды.

«Мефедрон» есірткісі, күдікке ілінген екі жігіттің қалтасынан шығып отыр. Артынан, жедел топ олардың пәтерін тінтіп тағы 10 келіден астам синтетикалық есірткі тапты. Алматыдағы орталық көшелердің бірінде орналасқан пәтер кішігірім зертханаға айналған көрінеді. 23, 24 және 26 жастағы жігіттер мұндай үй жағдайында психотроптық заттар дайындап жүрген. Үш күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. "Есірткі және психотропты заттар жасады және сатты", деген бап бойынша сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Айыбы дәлелденіп жатса олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өндірісте қолданылатын заттардың Алматы қаласына қандай жолмен келгені анықталу үстінде. Нақты қанша уақыттан бері осы синтетикалық затты өндіріп, саудаға салынғанын біз анықтайтын боламыз.


А. Кемелжан