Қыз-келіншектердің құлағына алтын сырға. Тырнақ бояулары қатерлі ісік ауруына алып келуі мүмкін. Алматылық лор дәрігер Злата ПарУчикова қыз-келіншектерге осындай ескерту жасады. Сөзіне қарағанда, бояулар тырнаққа ауа жібермей түрлі аурулар тудырады екен. Бұған сұлулық салоны шеберлері не дейді? Әріптесім Әсем Лесбек анықтап көрді.
"Сұлудың бетіндегі қалы да сүйкімді", деуші еді. Қал, қас-кірпікті қойып тырнақтың өзі сәнге айналғаны қашан. Әдемілеп бояп аламыз. Сөйтсек ол, қауіпті екен. Әсіресе лакты ультракүлгінді сәулемен кептіргенде. Мамандардың айтуынша, бояулар қатерлі ісікке алып келуі мүмкін.
Злата ПАРУЧИКОВА, ЛОР ДӘРІГЕРІ:
Әйелдер жақсы көретін гель-лак түрлі ауру тудырады. Оның ішінде тырнақ саңырауқұлағы, меланома яғни қатерлі ісік бар. Мұның барлығы тырнаққа ауа жетпегенде пайда болады. Яғни үздіксіз боялған тырнақтарда осындай аурулар пайда болады.
Злата Паручикова, бұл тақырыпты әбден зерттеп білгенін айтады. Боялған тырнақ әсіресе жүкті әйелдерге қауіпті екен.
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
Қазір қыз-келіншектер арасында ұзын әрі боялған тырнақ сәнге айналған. Оның үстіне сән салондарының мынадай қызылды-жасылды бояулары көз бен сананы жаулайды. Сондықтан қыздар көбіне осында келіп тырнақтарын жасатады.
Тырнақ бояу табысты бизнестің бір түрі. Алматыда бір ғана сұлулық салоны айына кем дегенде 150 қыз-келіншектің тырнағын әрлейді екен. Олардың арасында жасанды тырнақ жапсыратындары да бар.
Айгүл РАХЫМҒАЛИЕВА, ТЫРНАҚ ШЕБЕРІ:
Кез келген әйел адам әдемі болып жүргісі келеді. Ал негізі уақыты бұның 2-3 апта. 3 аптадан артық ұстауға болмайды. Кейбір клиенттер бар бізде 3 айға дейін жүреді. Бір жасап. Ол уже жасатқаннан кейін тырнаққа ауа бармайды. Тырнақтың асты қарайа бастайды. Сол үшін уақытында жасату керек.
Тырнақтың да күтімі ауыр. Мамандардың айтуынша, үздіксіз боялған тырнақ бүлінеді. Ал, оны қалпына келтіру үшін жарты жылға дейін тер төгу керек екен. Бірақ ол ережені қыздар біле тұра ескермейді екен.
БЛИЦ:
- Ну вредно или это нет мы уже не узнаем. А так пользуюсь делаю, больше года.
- Жоқ өзім боямаймын. Өйткені тырнақтарым сезімтал. Ну зиян, маған зиян лично.
Тырнақ бояу үшін жаралмаған. Дәрігерлердің айтуынша, адам ағзасындағы өзгерістер әуелі осы тырнақтан байқалады екен. Мысалға: созылмалы аурулар шыққанда немесе дәрумен жетпегенде тырнақтың сыртқы қабаты қабыршықтанатын көрінеді.
Ә. Лесбек