Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мақтаарал ауданында бүтін көшені бұзып, жөндемей кеткен

AstanaTV
20.11.2020ж. 20:00
2746
Мақтаарал ауданында бүтін көшені бұзып, жөндемей кеткен

1 жыл бұр көшені бұзып, қайтадан қалпына келтірмеді. Редакциямызға қоңырау шалған Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Жаңа жол ауылдық окургінің тұрғындары осылай дейді. 1 шақырымдай болатын көше өткен жылы асфальт болған. Ал қазір оның орыны да жоқ. Қайта жол саламыз деп келгендер істі аяғына жеткізбепті.  Ауыл халқы осы проблемамен әкімдіктің табалдырығын тоздырдық дейді. Бірақ нәтиже жоқ. Тыңдап көрейік.

Азамат ҚУАН, МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

2019 жылы жаз мезгілінде Нұрлы жол ауылы, Жібек жолы көшесін істеп береміз деп бұзған болатын. Содан бері бір жыл болды нәтиже жоқ. Әкімшілікке ауыл тұрғындары болып айтқан болатынбыз, бірақ құрауыз сөзбен "істеп береміз" деп шығарып салады. 

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселе бойынша Түркістан облысының атқамінерлеріне хабарластық. Қазір бізден тікелей байланыста Мақтаарал ауданы тұрғын үй коммуналық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Полатов бар екен. Қайырлы кеш, Ғабит Жамантайұлы! Мәселеден хабарыңыз бар болар. Неге 1 жылдан астам уақыттан бері жолды жөндеп бере алмай отырсыздар?

Ғабит ПОЛАТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Саламатсыздар ма? Мақтаарал ауданындағы аудандық маңызы бар «Диханбай-34,38» деп аталатын Нұрлы жол ауылына кіретін автокөлік  жолы. Конкурс жеңімпазы «Қазақ жол 2050» ЖШС-мен мамыр айында келісімшарт түзіліп, аудандық бюджеттен 2019 жылға бөлінген қаржысы игерілген.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Нақты айтып бересіз бе, не себеп болды?


Ғабит ПОЛАТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл өтпелі нысан.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Қандай қажеттілік туды, сау асфальты сырып, жаңасын салатындай. Тұрғындар айтып отыр бұрынғымыз жақсы еді деп.

Ғабит ПОЛАТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Күрделі жөндеу кезінде негізгі бөлігін бұзып, қайтадан қалпына келтіріп қайтадан соның бетіне жаңа асфальт салынады.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы, түсінікті. Мәселені қашан шешесіздер?

Ғабит ПОЛАТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Нысан 2021 жылда бітеді. 31 шілдеде аяқтап береміз.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Сұхбатыңызға рақмет! Сөзіңізге сенейік. Арна тілшілері мәселе шешілгенше ауыл тұрғындарымен байланыста болады. Көшені алдыңғысынан да сапалы етіп салып берерсіздер. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.


А. Данияр