Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Мониторингтік топ студенттік жатақханаларды аралады

Мониторингтік топ студенттік жатақханаларды аралады

Елордада талапқа сай келмейтін студенттік жатақханалар саны азайды. Бұған, студенттік үйлерге қайта тексеріс жүргізген «Jas Otan» жастар қанатының көзі жетіп отыр. Олар оқу жылы басталған кезде, жатақханаларды аралап бірнеше оқу орнына ескерту жасаған. Уақыт өте келе олқылықтар жойылған. Арнайы жасақ бұл жолы да нысанның әлеуметтік сапасын қарап, қысқы маусымға дайындығын зерделеді. Сондай-ақ, карантиндік шаралардың сақталуын да басты назарға алды.

Арсланбек МАҒЗҰМ, "JAS OTAN" ЖҚ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір өздеріңіз білетіндей эпид ситуацияға байланысты жастардың көбі үйде. Дегенмен де, жастардың біразы алыста тұрғанымен осы жерге келеді. Интернетке байланысты. +Жатақханалардың бүкіл эпид нормаға байланысты нұсқаулықтары сақталынуда. Келген кезде студенттер өздерінің температурасын өлшейді. Ара-қашықтық сақталынады. Әрбір комнатада бір адамнан бір адамнан тұрады.

А. Мүтәлі