Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде 15 жастағы қызға ғашық болған жігіт үш жылға сотталды

AstanaTV
24.11.2020ж. 20:00
3468
Ақтөбеде 15 жастағы қызға ғашық болған жігіт үш жылға сотталды

Ақтөбеде, 15 жастағы қызға ғашық болған 17 жасар бозбала сотталды. Оған, "Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болды", деген айып тағылған. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот шешімімен 17 жасар студент 3 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Енді ол, қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде жазасын өтейтін болды.  Естеріңізге сала кетейін. Ақтөбелік, "Қозы-Көрпеш-Баянсулу" хикаясы дүйім жұртқа осы қыркүйек айында белгілі болған. Заңды некеге тұра алмағандықтан 17 жасар жігіт 15 жастағы қызымен бірге үйлерінен қашып кетіпті. Алаңдаушылық танытқан қыздың шешесі арыз жазған. Нәтижесінде жігіт ұсталып істі болды. Оған қыздың анасы өкінді. Арызын қайтып алды. Тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, араша сұраған. Бірақ бала бәрібір, 3 жылға сотталып кетті.

Киятбек МЫРЗАБЕКОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


Тынымжанов Нұрасқан Асылбекұлы ҚР ҚК 122- бабы 3- бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған педагогикалық лауазымда және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымды атқаруға 1 жылға тыйым салынып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.  

Сот процессі онлайн режимде өтті. Бозбала үкімді экран арқылы тыңдады. Негізі, мемлекеттік айыптаушы Нұрасқанды бес жылға бас бостандығынан айыруды өтінген. Сот, айыпталушының айыбын мойындағанын, бұған дейін істі болмағанын және кәмелеттік жасқа толмағандығын ескеріп бозбаланың жазасын екі жылға жеңілдетіпті.

Б. Рахметова