Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Каталонияда мейрамханалар ашыла бастады

AstanaTV
24.11.2020ж. 20:00
1503
Каталонияда мейрамханалар ашыла бастады

Ал, Еуропада кейбір елдер ес жинай бастағанға ұқсайды. Каталонияда дәмханалар мен мейрамханалар 5 апталық локдауннан кейін қайта ашыла бастады. Жұмысы жанданғандар арасында сондай-ақ, спорт клубтары, театрлар мен кинотеатрлар бар. Бірақ кейінгілер тұтынушылар санын 50 пайыздан асырмауы керек. Осыған ұқсас шектеулер қоғамдық тамақтану орындарына да қойылмақ. Бұл кәсіпкерлерге жасалған жеңілдіктің алғашқы кезеңі. Ол 15 күнге созылмақ. Кейін ол қатая ма әлде тағы жеңілдей түсе ме? Ол, енді эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Қалай болғанымен. Локдаунның сәлде болса жеңілдеуі каталониялық рестораторларды қуантты. Естеріңізге сала кетейін, Испания - Еуропада пандемиядан ең көп зардап шеккен елдер қатарында. Наурыз айынан бері мұнда 1 млн 200 мың адам қытайлық індет жұқтырған.

СЕРЖИ РУИЗ, РЕСТОРАТОР:

Жағдайымыз қорқынышты. Шығынымыз кірісімізден асып түсті. Жалға төлейтін ақшамыз бар, жалақы бар. Карантин басталғанда Үкімет көмектескен еді. Бірақ кейіннен жағдай қиындап кетті. Шектеулерді қайта енгізбесе екен, дейміз.

Д. Мұхаммедкәрім