$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Nur Otan" партиясы жүйелі жұмыс жүргізді, - Н. Назарбаев

AstanaTV
24.11.2020ж. 20:00
1920
"Nur Otan" партиясы жүйелі жұмыс жүргізді, - Н. Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Онда партияның «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының қаншалықты жүзеге асырылғаны талқыланды. Елбасы, 5 жыл ішінде берілген уәденің басым бөлігі орындалғанын және дұрыс жүргізілген саясат арқасында пандемия кезінде экономикалық тұрақтылық сақтағанын, атап өтті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Фракция отырысында «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы Үкіметтің есебі тыңдалды. Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік.


Сондай-ақ Тұңғыш Президент партияны жандандыру бойынша соңғы жылы үлкен әрі жүйелі жұмыс жүргізілгенін, тілге тиек етті. Праймеризден бөлек партия 216 аймақтық сайлауалды бағдарламасын жариялады. Оны құру барысында 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілген.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сол праймериздің нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейінде іріктеуден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен болашақ Съезге ұсынылып отыр. Ал бүгін праймериз тәртібіне сәйкес қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде біз осы отырыста шешім қабылдауымыз қажет.


Айта кетейік, Бюро мен саяси кеңес отырысының қорытындысы бойынша "Nur Otan" партиясының XX съезіне 126 кандидатының тізімі шығарылады.

Ә. Өмірзақ