Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматы қаласы Түркісіб ауданы тұрғындары бірнеше жылдан бері сусыз отыр

AstanaTV
24.11.2020ж. 20:00
4835
Алматы қаласы Түркісіб ауданы тұрғындары бірнеше жылдан бері сусыз отыр

Алматы қаласы, Түркісіб ауданының тұрғындары ауыз суға мұқтаж. Арнамызға хабарласқан Нәйла Мәдениет аудан әкімдігіне қанша шағымдансақ та, мәселенің шешілер түрі жоқ, - дейді. Айтуынша, 4-5 жыл бұрын әр үйге су құбыры тартылған. Бірақ, тіршілік нәрі әлі күнге берілмеген екен. «Береке» тұрғын үй алабының тұрғындары амалы таусылып, өздері жер құдық қазып алғандарын айтады. Алайда ол, қыста қатып қалады, жазда ластанып кетеді, екен.

Нәйла МӘДЕНИЕТ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жер қазып, су шығарып санитарлық нормаға сай емес су ішуге мәжбүр болып отырмыз. Басым көпшілігі отбасын сумен қамтамасыз етуге жағдайы жетпейді.

Дәл қазір осы мәселеге жауапты Алматы қаласы Түркісіб ауданы әкімдігімен хабарласып көрейік. Бізбен тікелей байланысқа аудандық коммуналдық- шаруашылық бөлімінің басшысы Айдос Бекетаев шығып отыр екен. Қайырлы кеш, Айдос мырза! Қаланың ішінде тұрса да, неліктен тұрғындар сусыз отыр? Су қашан беріледі?

Айдос БЕКЕТАЕВ, АЛМАТЫ қ. ТҮРКІСІБ АУДАНЫ ӘКІМШІЛІГІ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазір құбыр тарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Толық жұмыстарды аяқтамай, су бере алмаймыз. Келер жылдың жазына дейін су беріледі.

Сұхбатыңызға рақмет! Сөзіңізге сенейік. Арна тілшілері мәселе шешілгенше Нәйла Мәдениетқызымен байланыста болады. Мәселе айтылған мерзімде шешіледі деп сенеміз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ғ.Өтемісов