Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Павлодарлық Иманбек Зейкенов «Grammy» музыкалық сыйлығына ұсынылды

AstanaTV
25.11.2020ж. 20:00
1951
Павлодарлық Иманбек Зейкенов «Grammy» музыкалық сыйлығына ұсынылды

Теміржолшы бола тұра, бос уақытында музыка жазып аты шыққан ақсулық Иманбек Зейкенов «Grammy» силығына ұсынылды. Ол, бұл беделді сыилыққа ұсынылып отырған алғашқы Қазақстандық музыкант. Номинанттардың тізімі, Грэммидің ресми сайтында жарияланды. Иманбектің онда, Сэнт Джонның орындауындағы "Роузес" әніне жазған ремиксі кіріпті. Бұл туындыны, ақсулық әуесқой музыкант бір жыл бұрын жариялаған. Әлемдік чарттарда жерлесіміздің дәл осы еңбегі оригиналдан асып түсті. Ал, Youtube-те ол 117 млн қаралым жинап трендке шықты.

Грэмми - АҚШ өнер академиясының ең беделді музыкалық сыйлығы екенін еске сала кетейін. Жерлесімізге - Жеңіс тілейік.

Ә. Өмірзақ