$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сайлау науқаны басталғалы Орталық сайлау комиссиясы 34 өтінішті қараған

AstanaTV
26.11.2020ж. 20:00
3423
Сайлау науқаны басталғалы Орталық сайлау комиссиясы 34 өтінішті қараған

Сайлау науқаны басталғалы Орталық сайлау комиссиясы 34 өтінішті қараған. Комиссия мүшесі Ерлан Дауылбаевтың айтуынша келіп түскен сауалдар, негізінен заң нормаларын түсіндіру, сайлау процесін ұйымдастыру және жетілдіру бағыттары бойынша жолданған.

Ерлан ДАУЫЛБАЕВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Өтініштердің 22-не толық жауап берілді. 4-уі біздің қарауға жатпайтын құжат болғандықтан, заңнамалық тәртіппен мемлекеттік органдарға қайтарылды. Орындалмаған өтініштер жоқ.

Сондай-ақ комиссия "Ауыл" халықтық-демокртаиялық патриоттық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің алғашқы легін тіркеді. Аталған партияның атынан 19 үміткер бақ сынамақ. Ережеге сәйкес тізімде 29 жасқа толмаған жастар мен әйелдердің үлесі 30 пайыз болуы тиіс. Сайлау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, саяси ұйым барлық талаптарды толықтай сақтаған. Еске сала кетейік, елде Парламенттік сайлау 10-шы қаңтарға белгіленген. Оған 6 саяси партия қатысады.

Ғ. Өтемісов