Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жасотандықтар «Елбасының көшбасшылық жолы» онлайн-кездесу өткізді

AstanaTV
27.11.2020ж. 20:00
2848
Жасотандықтар «Елбасының көшбасшылық жолы» онлайн-кездесу өткізді

Алматыда жасотандықтар Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің студенттерімен онлайн-кездесу өткізді. Ортақ тақырып - «Елбасының көшбасшылық жолы» деп аталды. Тараптар тәуелсіз Қазақстанның осы күнге дейін жүріп өткен жолын, ол жолдағы Тұңғыш Президенттің қажырлы еңбегін еске түсірді. Кешегі тарихты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру үшін жасалған қадам дейді белсенді жастар.

Мәди АХМЕТОВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Еліміздің шекарасының заң жүзінде бекітілуі, бұл қазақ тілінің арнайы статусқа ие болуы, одан бөлек Елордамыздың бой көтеруі, мына Семей полигонының жабылуы, дегенді айтып өтетін болсақ ұзаққа жалғастыруға болады. Осы еңбектердің барлығы біздің Тұңғыш Президенттің есімімен тікелей байланысты.


Онлайн жиын - Елбасының өмірі мен еңбегіне арналған мұражай-орталықпен қорытындыланды. Бірнеше залдан тұратын орталықта Тұңғыш Президенттің өмір жолы, еңбектері мен фотосуреттері қойылған.

А. Кемелжан