Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады. Бұл жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен іске асырылып отыр. Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасының айтуынша, ортақ келісім аясында енді ел ішінде машина жасау саласында еңбек етіп жатқан кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік берілмек. Қазақстан машина жасаушылар одағы мен мұнай-газ саласындағы операторлар келісім-шартқа қойды. Рәсімге премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр да қатысты.
Мейрам ПІШЕМБАЕВ, "ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ОДАҒЫ" ЗТБ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫ:
Импортпен келіп жатқан машина жасау құрал-жабдықтар мен команенттерді қысқартып, өзіміздің елде сол өндірістерді шығаруға, сол өндірістерді біздің елде дамытуға мүмкіндік береді.
А. Данияр