Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарағанды облысында үш тонна мұнай төгіліп, халықтың уланып жатқаны рас па?

AstanaTV
03.12.2020ж. 20:00
3189
Қарағанды облысында үш тонна мұнай төгіліп, халықтың уланып жатқаны рас па?

Үш тонна мұнай төгіліп, халықтың уланып жатқаны рас па? Бүгін редакциямызға Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны видео жолдады. Айтуларынша:  бұл - Атасу ауылы мен Жұмажанов атындағы ауылдық округтің аралығындағы учаскі. Мұндай көрініс соңғы кезде жиі қайталануда. Салдарынан мұрны жоқ құлындар да туылып жатыр дейді.


Шағымданған тұрғынның сұрағын жергілікті әкімдікке жолдадық. Қазір бізбен байланысқа Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев бар. Қайырлы кеш! Мұнай төгілгені рас па?


Қанат ҚОЖЫҚАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЖАҢААРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қайырлы кеш! Біріншіден сәл түзетіп өтейін, мұнай емес, мұнай қалдықтары. Мұндай оқиға болғаны рас, 30-шы қараша күні сағат 19:45-те аудандық ТЖ бөліміне хабарлама түскен.

Қанат мырза, қысқаша, мына мұнай қалдықтары жиналды ма?

Қанат ҚОЖЫҚАЕВ, ЖАҢААРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұнайдың қөалдықтарын жинауға арнайы техника мен 6 адам жұмылдырылды. Оқиға кешкі 17:30-да болған, сағат 20:40-та толығымен жиналып, әкетілді.


Экологияға қауіпі жоқ па?

Қанат ҚОЖЫҚАЕВ, ЖАҢААРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Адамдарға қаупі бар ма, жоқ па оны құзырлы органдар зерттеп жатыр. 1-ші желтоқсан экология департаментінен арнайы мамандар келіп, ауа мен топырақтың сынамасын алып кетті. Сол кісілердің қорытындысын досамыз.


Тұрғын әдейі төгуі мүмкін, бәлкім тиісті жерге жеткізу мәселесінде қиындықтар бар шығар дегенді алға тартады. Арнайы орындар бар ма? Неге сонда апаруын қадағаламайсыздар?

Қанат ҚОЖЫҚАЕВ, ЖАҢААРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде арнайы қалдықтарды жоятын орын бар болатын, Жұмажанов ауылдық округінің жанында. Ол бөлек мекеме, мынау бөлек. Тазалайтын станциямен келісіп, осы жұмыстарды жүргізу үшін автокөлікпен қалдықтарды әкелген.

Яғни барлығы тазартылды. Енді мұнай қалдығы болмайды иә?

Қанат ҚОЖЫҚАЕВ, ЖАҢААРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Иә, енді ол жермен жүрмейді.

Жақсы, сұхбатыңызға рақмет! Халықтың дүрлігетіндейі де бар. Тексеріс аяқталған соң қорытындысымен бөлісесіз деп сенейік.   Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ