Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ақтөбенің Бестамақ ауылындағы шошқа өсіру кешені 13 гектар аумақ жерді қалдықпен ластаған

AstanaTV
03.12.2020ж. 20:00
3338
Ақтөбенің Бестамақ ауылындағы шошқа өсіру кешені 13 гектар аумақ жерді қалдықпен ластаған

Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған арнайы комиссияның шешімі түрткі болған. Оның қоршаған ортаны әсіресе ауыл маңындағы жер мен суға келтірген зардабы анықталған. Қазір тергеу басталды. Тексеру барысында шошқа фермасында санитарлық, ветеринарлық, экологиялық талаптардың өрескел бұзылғандығы анықталған. Ауылдағы  бір ғана шұңқырға 189 тонна қалдық көмілгені белгілі болды. Ол маңда осындай сегіз полигон бар.   Комиссия қорытындысы бойынша шошқа фермасы 13 гектардан астам аумаққа қалдық көміп, ластаған. Қазіргі күні қоршаған ортаға келтірілген залалдың көлемі 42 миллион теңгені құрап отыр.

Нұржауған ҚАЛАУОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қызмет бағытын өзгерту немесе жабу мәселесі бойынша кәсіпорын басшысы уақыт сұрады. Сол уақыт аралығында ол әкімшілікке қызметін әрі қарай бағытын өзгерту немесе басқа жаққа көшіру бойынша негізгі іс-шаралар жоспарын ұсыну қажет.


Еске сала кетсек, осыдан он күн бұрын Алға ауданы Бестамақ ауылы тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етті. Олар он жылдан бері зиян көріп отырғандарын айтқан еді.

Б. Рақметова