Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ел астанасындағы қазақ драма театрына алғашқы тарту жасалды

AstanaTV
04.12.2020ж. 20:00
2424
Ел астанасындағы қазақ драма театрына алғашқы тарту жасалды

Бүгін Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына алғашқы тарту жасалды. Жуырда ғана жаңа ғимаратқа көшкен ұжымға, белгілі дизайнер Мансура Жакеннің қолынан шыққан "Көркем панно" әкелінді. 400-ден астам түрлі-түсті асыл тастармен көмкерілген, мурандық шыныдағы картина, енді ғимараттың төрінен орын алды. Көпшілікке Neo Qazaq Style интерьер дизайнымен таныс Мансура Жакен бұл туындасына 3 айдан астам уақытын сарп еткен. Дизайнер төлі туындысының құнын да жария етті. Бағалы картина қанша тұрады? Әріптісем айтып берсін.  

30 жылдық тарихы бар Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының жаңа ғимаратқа қоныс тепкеніне де көп болған жоқ. Санаулы күн бұрын киелі сахнаны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан болатын. Үш қабатты, зәулім ғимаратта бірнеше зал бар. Камералық залдары 2000 орыннан асады. Ең кіші зал 635 адамға шақталған.

Бүгін шығаршалық ұжым ғимарат төріне қойылатын алғашқы сыйлықты қабылдап алды. Көпшілікке интерьер дизайнымен етене таныс Мансура Жакен, бағалы сый жасады. «30 игі іс» акциясы шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» жобасы аясында "Көркем панноны" таныстырды. Ол 400-ден астам құнды тас пен мурандық шыныдан жасалған. Авторы туындының құны 3,5 млн теңгеге жуықтайды деді.

Мансура ЖАКЕН, ДИЗАЙНЕР:

Бұл өте мықты адамдардың символы, өздері өсіп-өнген. Бұл ломонос деген гүл.

Өнер ұжымы да құр алақан емес. Олар қазір "Абай" қойылымын дайындап жатыр. Тәуелсіздік күніне дейін көрермендер наразына ұсынуды жоспарлап отыр. Жаңа ғимараттағы алғашқы қойылым болмақ. Айта кетейік, театр әртістері 1991 жылы алғаш рет Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқтысымен» шымылдық ашқан еді.  

Ернар ЖҰМАТАЕВ, Қ. ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл қазақтың, еліміздегі республикалық театрлардың маңдайына біткен театр. Сондықтан да біз алдағы уақытта ашылуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде Мұхтар Әуезовтың «Абай» қойылымын дайындап жатырмыз. Тәуелсіздік күніне дейін деп отырмыз.


Айта кетейік, Қалеки театрының ұжымы, жаңа , кең, әрі жарық ғимарат шағырмашылықты шыңдауға бастау болды дейді. Аға буын келесі жылы балалар мен жасөспірімдер театрын осы шаңырақта құруды да жоспарлап қойған.

Ә. Өмірзақ