Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Пандемиядан 800 мыңнан аса кәсіпкер зардап шекті

AstanaTV
04.12.2020ж. 20:00
1829
Пандемиядан 800 мыңнан аса кәсіпкер зардап шекті

Пандемиядан кем дегенде 800 мың кәсіпкер зардап шекті. Алпыс мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жабылды. Бұл жайында бүгін Сенатта өткен жиында белгілі болды. Депутаттар ертеңгі күніне алаңдаған кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын жіпке тізді. Олар карантин мерзімі мен шектеу шаралары туралы ақпараттың әлі күнге дейін бірізге түспегендігі, бизнестің қайта жандануына тұсау болып тұр, дейді. Жұмысты әсіресе, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өзі шектейтінін айтты.

Дәурен ӘДІЛБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Пандемия жарияланғанда денсаулық сақтау жүйесі және халық COVID-19-бен күресуге дайын болған жоқ. Алайда қазір жағдай өзгерді: халық бетпердемен, дәрі-дәрмекпен қамтылған, төсек-орын, жасанды тыныс алдырту аппараттары бар, емдеу хаттамасы айқындалды. Осы орайда бизнесте мынадай сұрақ туып отыр – аурудың таралуына тек кәсіпкерлік қызмет қана себеп пе?


Сенат спикері Мәулен Әшімбаевта мәселеге қосылды. Ол кәсіпке енді ғана бет бұрғандар, жеке мүлкі болмағандықтан, мемлекеттік бағдарламамен емес, заңды тұлға ретінде банктен қарыз алуға мәжбүр болып жатқанын тілге тиек етті. Жоғары пайыздық мөлшерлермені өтеуге еңбектеніп жүр дейді.
 
А. Мүтәлі