Аягөздегі аты шулы интернат күрделі өзгерістен өтті. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемені арнайы комиссия тексеріп шықты. Мамандар, кезіндегі олқылықтардың жойылып, интернат толық қанды жұмыс істеп жатқанын, атап өтті. Ғимарат жөндеуден өтіп, жаңа жабдықтар қойылды. Сондай ақ әр бөлмеге бақылау камералары орнатылды.
Бүкіл елді дүрліктірген Аягөз интернатында оң өзгерістер. Корпустың бірінде күрделі жөндеу жүріп жатыр. Көктемге қарай тағы беруі салынуы тиіс. Оған бюджеттен 140 млн теңге ескерілген. Жөндеу жұмыстарынан бөлек балаларға да қолайлы жағдайлар жасалды. Гидромассаж ваннасы қойылып, монтессорри мен арт-терапия бөлмелері ашылды. Ғимарат бойынша жиыны 51 бақылау камерасы орнатылды.
Жасұлан СӘРСЕНБАЕВ, ШҚО ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Камералар арқылы біз тәулігіне 24 сағат, күні-түні бақылап отырамыз. Кесте бойынша қандай жұмыстары жүргенін біліп отырамын. Тиісті кабинеттерге кіріп қандай жұмыс жүргенін көреміз.
Комиссия мүшелері сондай ақ азық-түлік пен өзгеде тауарлар сақтаулы қойманы аралап шықты. "Ескертулер жоқ. Барлығы талапқа сай", деді арнайы комиссия өкілдері. Орталық тәрбиеленушілеріне көпфункционалды кереуеттер қойылды. Баспалдаққа арнайы құрылғы алынды. Ол, мүгедек арбалардың сатымен оңай түсіп шығуына септігін тигізеді.
Шолпан МАҚАШЕВА, "ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН АЯГӨЗ БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫ" МКК ДИРЕКТОРЫ:
Менімше ең бастысы балаларға тиісті көмек көрсету. Олар жатып қалмауы керек. Балалардың жүзінен қуаныш көргіміз келеді. Сол арқылы ата-аналар да балаларының тиісті қызмет алып жатқанын біледі.
Бір жыл ішінде интернатта жиыны 15 тексеріс жүрді. Барлық олқылықтар жойылды. Ал, балаларға жәбір көрсетілді деген деректі прокуратура теріске шығарды. Пандемия кезінде орталық мамандары ауысым бойынша 14 күннен жұмыс істеп жүр. Мақсат: балаларды қытайлық індеттен барынша қорғап қалу.
Д. Мұхаммедкәрім