Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шымкентте мейрамханада болған атышулы қылмысты жасағандардың ісі сотқа жетпеген

AstanaTV
08.12.2020ж. 20:00
1500
Шымкентте мейрамханада болған атышулы қылмысты жасағандардың ісі сотқа жетпеген

Шымкенттегі мейрамханада атыс ұйымдастырғандардың кейбірі әлі күнге ұсталмады. Бір адам оққа ұшып, тағы бірінің ауыр жағдайда ауруханаға түсуіне себепкер болғандарды полиция таба алар емес. Қанды оқиға орын алғалы төрт айдан асты. Сол кезде бейресми ақпарат көздері қанды оқиға қос қылмыс серкелерінің арасындағы текетірестен туғанын айтып, әлеуметтік желіде күдіктілер туралы мәліметтерді де таратқан еді. Бірақ полиция бұл ақпараттарды сол кезде-ақ теріске шығарып, оқ атқанның қайтыс болған жігітпен жақын жолдас болғанын айтқан болатын. Бас полицей  төрт күдікті ғана ұсталғанын айтты. Ал тағы қанша адам іздестіріліп жатқанын айтпады.

Ералы ЖҰМАХАНБЕТОВ,  ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Іздеуде бар әлі. ..Іздеп жатырмыз. Ұсталған кезде айтамыз, жарай ма?.. –Қанша адам бар іздеуде? –Енді олар ұсталмай тұрып біз айта алмаймыз ғой, біз ұстаймыз оны. Тергеп жатырмыз.- Ал олар шетелге кетіп қалуы мүмкін ба, әлде қалай? ..-Шетелге кетуі мүмкін емес. Бәріне тосқауыл қойылған.+Қазақстанның ішінде жүр. Оны іздеп жатырмыз.

Бұдан бөлек былтырғы қазан айында «Сүндет» дәмханасында орын алған қылмыс та сотқа жетпепті. Полиция департаментінің бастығының айтуынша қазір қосымша іздеу шаралары жүріп жатыр. Әу-бастағы күдіктілер ұсталғанымен, тағы бірқатар сезіктіні қолға түсіру бойынша әрекет жасалып жатыр деп қосты. Еске салайын, қоғамдық тамақтану орнына сырттан кірген адам қолындағы атыс қаруын кезенген күйі ішке кіріп, оқ жаудырған болатын. Салдарынан төрт адамға оқ тиіп, біреуі сол жерде жан тапсырды.

А. Төребекқызы