$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде мемлекетке 829 млн теңге шығын келген

AstanaTV
08.12.2020ж. 20:00
1610
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде мемлекетке 829 млн теңге шығын келген

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктен мемлекетке келген шығын 829 млн теңгеден асады. Бұған қоса тәртіп сақшыларының  өртелген автокөліктері тағы бар. Бұл жайында бүгін Таразда өткен "Қордай ісіне" қатысты сот отырысында белгілі болды.

Мұнан соң прокурор күдіктілерге бес сағат бойы айыптау актісін оқыды. Алдымен "жаппай тәртіпсіздікке шақырды" деген бес адамның есімі аталды. Олар Масаншыдағы жанжалды ұйымдастырған үшін айыпталмақ. Тіпті телефон арқылы аудиохабарлама таратқандардың да есімдері жарияланды. Айта кетейік, Қордай оқиғасы бойынша 51 адам айыпталуда. 10-ы кісі өлтірді деген күдікке ілінсе, қалғандары жаппай тәртіпсіздік жасап, қарақшылыққа жол берді деп айыпталуда.  

Б. Жұмабайұлы