Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

АҚШ пен Чилиде мыңдаған адам су мен жарықтан қағылды

AstanaTV
19.04.2016ж. 20:00
1509
АҚШ пен Чилиде мыңдаған адам су мен жарықтан қағылды

Чилиде су тасқыны салдарынан екі адам қаза тауып, сегіз адам із-түссіз жоғалды. Жергілікті билік халықты қауіпсіз жерге көшіріп үлгермей жатыр, деп хабарлайды Рейтерс. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан асты. Чили астанасы Сантьяго қаласының 4.5 миллионға жуық тұрғыны үш күн қатарынан ауыз сусыз отыр.  Валь-параис пен О'Хиггинс аудандарында сексен мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Мектептерде сабақ тоқтатылған.

АҚШ-тың Техас штатында да жағдай ауыр. Хьюстон қаласы суда қалған. Бір күн бойы толассыз жауған жаңбырдан су деңгейі 4,5 метрге көтерілді. Қатты ағын бес адамды ағызып әкеткен. Су бетінде жүзіп жүрген улы жыландар мен жәндіктер де тұрғындарға қауіп төндіруде. Штатта төтенше жағдай жарияланды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ