Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Бюрократиялық кедергілер кесірінен жаңа мәйітхананың ашылмағанына екі жыл болды

AstanaTV
09.12.2020ж. 20:00
1664
Бюрократиялық кедергілер кесірінен жаңа мәйітхананың ашылмағанына екі жыл болды

Жазда еліміздің батыс аймақтарында қытайлық індетпен қатар пневмония дерті тарап дәрігерлерді әуреге салған еді. Ақтөбе облысында өлім-жітік күрт көбейіп облыстағы екі моргке мәйіт симай қалған. Тығырықтан шығуға жергілікті кәсіпкерлер көмектесті. Маусым айында облыстық мәйітхана қасына 20 орындық жаңа контейнер қойылды. Облыстық мәйітхана жанынан салынған жаңа морг уақытында ашылғанда бәлкім Ақтөбеде мұндай қиындық тумас еді. Құрылысына 215 млн теңге жұмсалған морг әлі де қаңырап бос тұр. Себебін аймақтағы тілшіміз Бақыт Рахметова анықтап көрді.

215 млн теңгелік ғимараттың қаңырап бос тұрғанына биыл екі жыл болды. Бұл әкімдік тапсырысымен салынған жаңа қалалық морг. Жобасы анық, құрылысы түзу. Ашылуына қарапайым қағазбастылық кедергі келтірген сияқты. Мәселе, 122 млн теңгеге алынған 30 түрлі медициналық құрылғыларға келіп тірелген. Сатып алынған құралдардың ел аумағында жұмыс істей алатын рұқсаты болмай шығыпты.

Жамбыл НҰРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жобаға бұл күнге дейін елімізге әкелінбеген медициналық құрылғылар енгізілген. Яғни өндіруші зауыттың Қазақстан нарығына әкелуге рұқсаты болмай шықты. Сол компаниямен осы күнге дейін келіссөз жүргіздік. Ақыры құрылғыларды реестрге тіркей бастадық. Қазір үшеуін тіркеуге алу қалды.


Негізі Ақтөбеде үш морг болған. Олар Кеңес одағы кезінде салынған. Біреу бес жыл бұрын "апатты", деп танылып қазір екеу қалды.

Гүлзат ҚАЗБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПАТОЛОГОАНАТОМИЯЛЫҚ  БЮРО БАСШЫСЫ:

Ғимараттың бұзылуына байланысты біз оларды көшірдік осында. Тарлық етеді әрине қосымша отделение қосылғандықтан. Сондықтан ол жаққа оларды көшірсек бізге жақсы болар еді.


Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Өңірде жазды күні пневмония мен коронавирустық инфекциядан қаза тапқандардың саны күрт өскен кезде. Облыстық мәйітханадағы алты адамға шақталған орынға сыймай осындай арнайы мұздатқыш контейнер әкеліп қойылды. Бұл контейнер әлі күнге дейін қолданыста.

Басқармадағылардың айтуынша, бюрократиялық кедергілері жақында шешіледі. Яғни, құжаттар рәсімделіп болса жаңа мәйітхана жыл соңына дейін ашылуы тиіс.

Б. Рахметова