Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

"Nur Otan" партиясы жанындағы Құқықтық кеңес жылды қорытындылады

AstanaTV
09.12.2020ж. 20:00
1485
"Nur Otan" партиясы жанындағы Құқықтық кеңес жылды қорытындылады

"Nur Otan" партиясы жанынан құрылған Құқықтық кеңес жылды қорытындыланды. Кеңейтілген жиын пандемия мен экономикалық жағдайдың нашарлауы жағдайында шағын және орта бизнесті заңнамалық қолдау мәселелеріне арналды. Талқылаудан кейін заңнамаға инвестицияларды тарту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер ұсынылды. Нәтижесінде Үкіметке 12 ұсыныс жіберілді. Жалпы биыл Кеңес мүшелері бас-аяғы 8 жиын өткізген. Мәселен бір ғана қазан айының өзінде Экологиялық Кодекске қатысты, Үкіметке 13 ұсыным жолдаған. Оның 4-уі Заң жобасында көрініс тапқан.

Қанат МУСИН, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Құқықтық кеңес мүшелері осыған дейін де қаншама түйіткілді мәселелердің шешімін табуға барынша тырысып келді. Алда әлі атқарар жұмыс көп. Заңнамалық тұрғыда күшейтуді қажет ететін тетіктерді тауып, оны дереу түзету жолдарын ұсынуымыз керек. Азаматтардың құқықтық білім көтеру және оларды қорғау біз үшін өте маңызды.

Жиын қатысушылар келесі жылға арналған жұмыс жоспарын да пысықтап алды. Айта кетейін, "Nur Otan" партиясы жанынан құрылған Құқықтық кеңеске биыл 10 жыл толды. Мерейтойға орай Кеңестің белсенді мүшелеріне партия Төрағасы Бірінші орынбасарының атынан Құрмет грамоталары табысталды.  

Ғ. Өтемісов