Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Кәсіби спортқа бөлінген қаржы қайда?

AstanaTV
09.12.2020ж. 20:00
3062
Кәсіби спортқа бөлінген қаржы қайда?

«Кәсіби спортқа бөлінген қаржыны жасырмай айтыңыз». Мәжіліс депутаттарының қарапайым сұрағы бүгін Мәдениет және спорт министрін тығырыққа тіреді. Ақтоты Райымқұлованың жауабы тіпті спикер Нұрлан Нығматулинді де қанағаттандырмады. Депутаттарды көне шаһарларды жаңғырту мәселесі де қызықтырды. Қысқасы Мәжіліс бүгін министрдің сұрақтың астына алды. Тартысты өткен отырыстан Айя Мүтәлі тарқатады.

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Елдегі кәсіби спорт клубтарын қаржыландыру екі есеге қысқарады. Спортшылар мен жаттықтырушылардың ең жоғарғы жалақысы теңестіріледі. Ал үнемделген қаражат бұқаралық спортты дамытуға бағытталуы тиіс. Оның ішінде, әсіресе үйірмелер мен секцияларға басымдық беріледі.

«Спорт саласын оң өзгерістер күтіп тұр» деп жаңа құжатты таныстырған Ақтоты Райымқұлова тосыннан қойылған сұрақтан оңбай сүрінді. Әсіресе депутаттар, Президент тапсырмасының қалай орындалып жатқанына қызықты. Министрдің, кәсіби спортқа жыл сайын - 55 млрд теңге бөлінеді, деген жауабына Нұрлан Нығматулин күмәнданды. Спикер министрдің сөзін бірнеше рет бөлді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Это – не государственная тайна до определённого уровня. Цифру назовите! Я жду. Ну, давайте.


Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

На профессиональный спорт деньги из республиканского бюджета не выделяются, он финансируется за счет местных бюджетов и спонсорских средств.


Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Подождите. Вы не называете спонсорскими деньги квазигосударственного сектора. Это не спонсорские деньги, это государственные деньги. Вот о чем речь. Вы прячетесь за эту цифру, за эту вывеску. Спонсорские - это спонсоры, а деньги квазигосударственного сектора - это деньги государства.

Спорт қана емес министрдің мәдениет саласына қатысты да жауабы депутаттардың қытығына тиді. Ержан Құдайберген көне Отырар шаһарына жаңа технологиямен жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарына алаңдаушылық білдірген. Ақтоты Раймықұлова жалпылай жауаппен құтылды.

Ержан ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Мен сізден сұрадым, кедергі жасамай ма деп. Неше жылдан бері жатқан жерден жер асты жолы табылды. Бір мүрденің табылып жатқаны. Ол сіздердің еш қызығушылықтарыңызды танытпады ғой. Басқа жерді мысықтың сүйегі табылса, оны сенсация қылып, іздеп жатады. Ал сіздер жер асты жолдарын бір ретте алып зерттемедіңіздер.

Бұдан бөлек, Мәжілісте тұрмысы төмен тұрғындарға жаппай беріліп жатқан несие мәселесі көтерілді. Депутаттар оған Заңды тұрғыда тосқауыл қоюды ойластырмақ. Келтірілген деректерге сенсек, осы күнде қаржы ұйымдарына 1 млн адам қарыз екен. Соның 310 мыңы берешегін өтей алатындар санатына жатпайды. Мәжілісмендер енді микроқаржы ұйымдарының келісім-шарт мазмұнын түземек. Алынған және төленетін сома бірінші бетте көрсетілсін, дейді депутаттар.
Коллекторлық агенттіктердің де жауапкершілігін арттыру қажет. Төменгі палата, жарғылық капитал мөлшері - кемінде 10 млн теңге болу керек деп отыр.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Коллекторлық компаниялар қарыз алушылардың құқықтарын бұзбауы тиіс. Олар 90-шы жылдардағыдай халық арасында үрей тудырып, ақшаны бопсалап қайтарып алатындай болмауы қажет. Сондықтан олардың қызметін бақылауды қамтамасыз ету өте маңызды


Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:


Десе де, бір топ депутат дайындаған бұл құжатты кейбір әріптестері құп көрмеді. Олар әсіресе коллекторлық агенттіктерге міндеттелген жарғылық капиталдың соммасын көбейту қажет дейді. Заң жобасы қайта қаралып, екінші оқылымда тағы талқыланатын болды.
 
А. Мүтәлі