$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордадағы балалар ауруханасында сорпадан құрт шықты

AstanaTV
09.12.2020ж. 20:00
2956
Елордадағы балалар ауруханасында сорпадан құрт шықты

Жиркенішті жағдай. Елордада балалар ауруханасындағы емделушінің сорпасынан құрт шықты. Бұл туралы науқастың әкесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған. Суретін де салыпты. Бұл шулы пост кейіннен өшірілді. Алайда оған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы назар аударып үлгерді. Осы жайтқа байланысты арнайы қызметтік тергеу жүргізілген. Нәтижесінде, ауруханадағы тамақ тарату бөлмесіне талап күшейтілді. Ал, аурухана басшылығы болса, баланың ата-анасына кешірім сұрады. Негізі, емдеу мекемесіне тамақ сырттан әкелінетін көрінеді.

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Күн сайын 8-ден кешкі 8-ге дейін бөлмелердегі тарату жұмысы, санитарлық-эпидемиологиялық режим қораптардағы азық-түліктердің сапасын тексеру күшейтілді. Тамақ тарату объектілерінде барлық бақылау жұмысы жүргізілді. Жаза дегенде ешбір қызметкерге жаза қолданылған жоқ.

А. Данияр