Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Балықшылар көлге көлігімен батып кеткен

AstanaTV
09.12.2020ж. 20:00
1553
Балықшылар көлге көлігімен батып кеткен

Кешеден бері іздестіріліп жатқан төрт балықшының денесі бүгін көлден табылды. Олар жалпы 7 адам болып, "УАЗ" автокөлігімен Қамбаш көліне балық аулауға барған. Төтенше жағдай мамандарының дерегінше, жағадан үш шақырымдай ұзағанда мұз ойылып, көлік суға батқан. Үшеуі өз күштерімен құрсаудан шығыпты. Қалғандарының мәйітін алып шығу үшін, құтқарушылар қалыңдығы 25 см болатын мұзды ойған. Мұз астындағы автокөліктің ішінен 1985, 1981, 1994 және 1973 жылы туылған азаматтардың денелерін жағаға алып шықты.

Саид МОЛДАҒАРАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«УАЗ» автокөлігі жағадан 3 километр қашықтықта, 7 метр тереңдікте болғаны анықталды. Оқиға орнына 7 құтқарушы, 1 автокөлік, 1 маторлы қайық жұмылдырылды.

М. Тоқтасынқызы