$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек Жезқазғанға жұмыс сапармен барды

AstanaTV
09.12.2020ж. 20:00
1558
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек Жезқазғанға жұмыс сапармен барды

Жезқазғандағы көп бейінді ауруханаға күрделі жөндеу жасалады. Ал, оның жас дәрігерлеріне арнайы жатақхана салынбақ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының аймаққа сапары барысында белгілі болды. Бауыржан Байбек өңірдегі өндіріс ошақтарында аралап, киелі жәдігерлер құрылысының даму қарқынымен де танысты. Мысты аймаққа сапар жайлы, толығырақ келесі бейнематериалда.  

Бауыржан Байбектің өңірге сапары, мыс қорыту зауытынан басталды. Жұмысшылармен кездесіп, қаланы дамыту мәселелері жайлы сөз қозғады. Пандемия кезінде мұнда ешкім жұмыстан қысқартылмаған. Дегенмен, карантин еңбек нарығына айтарлықтай зардабын тигізіпті. Соған қарамастан нарықтағы сұранысқа сай жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, кадрларды қайта даярлау бойынша кешенді шараларды қолға алады. Бұл ретте отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнімдер шығаратын жаңа өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі.

Әрі қарай партия мүшелері жаңа модульді клиникаға ат басын бұрды. Онда денсаулық сақтау саласын жетілдіру мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта қалалық көп бейінді ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілмек. Ал, жас дәрігерлерге жатақхана салу қолға алынбақ.

Бауыржан Байбек өңір жастарымен де кездесті. Оларды толғандырған мәселелерді тындады. Қазір Жезқазғандағы партиялық тізім 60 пайызға жаңарған. Жастардың үлесі 24 пайызға артыпты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін еңбектеніп жүрген ойлы жастардың белсенділігіне оң баға берді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Партияның негізгі мақсаты неде? Билікке білімді, елім, халқым деген азаматтарды әкелу. Мамандарды әкелу. Әділ, таза жұмыс істейтін азаматтарды тарту. Елбасы тапсырмасы бойынша, билеуші партия ретінде біз өзгеріп жатырмыз. Көрдіңіздер ғой...? Қалалық мәслихат 60 пайызға өзгерді. Бұған дейін бірде-бір 35 жасқа дейінгі жас болған жоқ. Қазір олардың да саны 24 пайызға артты.


Сапар кезінде Бауыржан Байбек Ұлытау ауданында да болып қайтты. Ол орта ғасырлық архитектуралық ескерткіштерінің бірі – Жошы хан кесенесінің жаңартылған нұсқасымен танысты. Сонымен қатар елді-мекенде Алтын Орданың 750 жылдығы аясында тарихи-мәдени кешеннің құрылысы жүргізілуде. Оны келесі жылдың желтоқсан айында ашу жоспарланып отыр.

Ғ.Өтемісов