Ал, "Adal" партиясы ауыл-аймақты дамытуға күш салмақ. Партиялықтар үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Саяси ұйым сондай-ақ, елдің әл ауқатын арттырамыз деп отыр.
"Adal" партиясы елдің шалғай ауылдардағы тұрғындарды жұмыспен қамтуды мақсат етіп отыр. Тіпті бизнес бастауға ниеттілерді қолдамақ. Ауыл шаруашылығын кеңінен дамтуды жоспарлап қойған. Мұның барлығы партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетіліпті. "Адалдықтар" 5 бастама көтеріп отыр. Атап айтар болсақ: білім беру саласын жандандырып, елдің әл ауқатын арттыру. Сонымен қатар бюджет қызметкерлерінің жалақысын 200 мың теңгеге жеткізбекші.
Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ-КЕҢЕС МҮШЕСІ:
Үгіт-насихат бүгін басталды. Шыны керек, халық әлі көптеген партияның қандай бағдарламасы бар, біздің не дайындап отырғанымызды білмейді. Бағдарламамызбен таныстырып бүкіл өңірді аралауға тырысамыз. Үгіт-насихат қашан басталады деп күттік ғой, ертеңнен бастап барлығымыз картасын сыздық өңірлерді аралайтын боламыз.
Мақсат Толықтайдың айтуынша, аталған науқанға жұмсалатын қаражат белгісіз. Десе де қаржы тапшылығы болмайды деді. Өйткені демеушілік жасауға ниетті кәсіпкерлер баршылық екенін жеткізді. "Бірліктен" "Adal-ға" айналған партияның ұстанымы мен бағыты алдыңғысынан мүлдем басқа дейді, партия өкілі.
Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ-КЕҢЕС МҮШЕСІ:
Біздер партиялар арасында бірінші цифрлы партия болып халыққа ыңғайлы, қолайлы партияға айналғымыз келеді. Бұл жерде 2 жарым мыңға жуық қанша ауыл бар Қазақстанда әрқайсысыңыздың ауылыңыз барлығын платформадан таба алады. Бізге қазір кәсіпті үйрену керек, жұмыссыздың мәселесін шешу керек.
Олар Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер, мәслихатқа 302 кандидатты ұсынып отыр. Айта кетейін, ашылғанына небәрі бір ай ғана болған партияға, күні бүгінге дейін 55 мың адам тіркеліпті. Оның басым бөлігі жастар.
А. Данияр