Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Ақ жол» партиясының үгіт науқаны «Ақмола вагон жөндеу зауытынан» басталды

AstanaTV
10.12.2020ж. 20:00
2969
«Ақ жол» партиясының үгіт науқаны «Ақмола вагон жөндеу зауытынан» басталды

«Ақ жол» демократиялық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын сайлаушылармен кездесуден бастады. Партия белсенділері «Ақмола вагон жөндеу зауытында» болды. Кәіпорын ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Ақжолдықтар бизнесті қолдамақшы. Бүгін оның қалай жүзеге асатынын зауыт жұмысшыларына жан-жақты түсіндіріп берді. Сайлауалды бағдарлама осыған негізделген. Саяси ұйымның төрағасы ұжымды мазалаған мәселелерді де тындап, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап берді.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз салықты экономикалық мағынасына келтірііміз керек. Себебі салықтың мақсаты тек бюджетті толтыру емес. Оның негізгі мақсаты кәсіпкерлікті тиісті, қажетті салаларға ынталандыру. Сондықтан біз салық саясатымызды өте ақылды және салиқалы мәртебесіне келтіруіміз қажет.

Үгіт-насихат науқаны аясында партия еркін экономикалық аймақтағы кәсіпорындарды салық төлеу босатуды да көздеп отыр. Салықты 10 жылға дейін төлемеуге, яғни салықтық рақымшылықты ұсынуда.  Яғни шағын және орта бизнесті қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығынан уақытша босату.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Үкіметіміз наурыз айында несиелерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағанда біз артынша 6 рет депутаттық сауал жолдадық. Себебі бұл шара жеткілікті емес. Жиналған қарызды ерте ме, кеш пе төлеуге тура келеді. Біздің ойымызша сол несиелердің процентік ставкасын азайтуымыз қажет.


Айта кетейік, "Ақ жол" демократиялық партиясы 38 үміткерді саяси додаға бақ сынауға ұсынап отыр.  

Ә. Өмірзақ