Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әлем чемпионын атып өлтіргендер ісі тым баяу жүріп жатыр, марқұмның туыстары

AstanaTV
11.12.2020ж. 20:00
2508
Әлем чемпионын атып өлтіргендер ісі тым баяу жүріп жатыр, марқұмның туыстары

Грэпплинг жекпе-жегінен Әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовты атып өлтіргендер ісі тым баяу жүріп жатыр. Тергелгеніне 4 ай болған іске марқұмның ауылдастары наразылық білдірді. Олар, Атыраудың іргесінде тұрған Амангелді кентіндегі орталық көшеге шықты. Мақсаттары: Іске қоғам назарын аудару және айыптыларды заң жүзінде жазалау.

Динара ҚОЖАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ЖЕҢГЕСІ:


Әлем чемпионымыз,  бауырымыз, баламызды жоғалтып отырғанда  неге ашығын  анығына жеткілері келмейді? 4 ай неге созғылайды? Қаншама жауапты адам бар. Осы істе жүрген. Ұйымдастыруға келгенде біліп тұр ғой. Баланың өлтіруге келе жатыр. Қолында мылтық қаруы бар адамды өлтіруге  біліп тұр.

Ерболат МУСАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ АУЫЛДАСЫ:


Бейбіт заманда кім қалайды баласының  өліп қалғанын. Участковый, прокуратура осы істі тезірек  қозғаса екен.  Баламызды көшеге шығаруға қорқатын болдық. Істің қозғалуын қалаймыз.  Халық болып талап етеміз.

     
"Чемпионның өліміне айыпты ұйымдастырушылар әлі күнге бостандықта жүр", дейді Амангелді тұрғындары. Естеріңізге сала кетейін. Бұл қайғылы оқиға Атырауда осы тамыз айында болған. Ауыл жастары арасында текетірес болып, бұзақылардың біреуі мылтық атқан. Әлем чемпионы, 18 жасар Есенбек Сиғуатовтың жүрегіне оқ тиіп, оқиға орнында қаза болды. Ал, полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, екі күдіктіні қамауға алған. Істің қаралғанына 4 ай болды.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында жинақталған дәлелдемелер мен айыпталушының іс әрекеттері дәлелденіп,  қылмыстық іс өндірістен аяқталып, сотқа жолданды. Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Б. Нәдірқызы