Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Латын әліпбиіне көшу мәселесін мектеп мұғалімдері де талқыға салды

AstanaTV
15.09.2017ж. 20:00
2445
Латын әліпбиіне көшу мәселесін мектеп мұғалімдері де талқыға салды

Латын әліпбиіне көшу мәселесін мектеп мұғалімдері де талқыға салды. Төрт жылдан соң білім ошақтарында балғындар кезең-кезеңімен латынша қаріп тануға көшеді,-деген Елбасы тапсырмасы оларға тың серпін бергендей.

"Нұр Отан" партиясы Сарыарқа аудандық бөлімшесі ұйымдастырған дөңгелек үстелге  Астанадағы 100-ге тарта мектептердің мұғалімдері қатысып, пікірлерін ортаға салды. Ұстаздар оқулықтар мен әдістемелік құралдарға қатысты ұсыныстар әзірлеуі керек. Латынға көшу аса қиындық туғызбайды. Күнделікті смартфондарда жастар онсыз да латынша әріптерді қолданады дейді, қатысушылар. Латын әліпбиіне көшу, кезең кезеңімен 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс.

Самал Нұғманова, №58 мектеп-гимназиясы директоры:

Түбегейлі өзгеретіндіктен, оқушыларда кітап мәселесі қалай болады. Осы мақсатта алдын ала біз ұсыныстар тастаймыз. Дөңгелек үстелде қатысушылар өздерінің ой-пікірілерін айтады.