$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Торғай өңірінде қасқыр адамға шапты

AstanaTV
14.12.2020ж. 20:00
3828
Торғай өңірінде қасқыр адамға шапты

Торғай өңірінде 28 жастағы келіншекке қасқыр шапты. Түз тағысы әйелге тап беріп, қарын тұсынан тістеген. Абырой болғанда, келіншек аман қалды. Мұны жергілікті әкімдік өкілдері растады. Көкжал Ақкөл ауылынан 30 шақырым жердегі қыстаққа келіп, сол маңдағы сойылған малдың ішек-қарнын жеген көрінеді. Үйден шыққан отанасына тап беріп, оны тістеп алған. Осы мезетте атпен қуған күйеуіне де жыртқыш қарсы атылған. Атты адамға шапқан қасқыр құтырған болуы мүмкін деген болжаммен аңшылар ізіне түсіпті.

Әсет СМАҒҰЛОВ, АҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Сызай қонысы біздің ауылдан 30 шақырым жерде. Шаруа қожалықтың қыстауы ғой. Ондай ауылға кіріп жатыр деген дерек жоқ. Тіркелмеген. Құтырған қасқыр ма нақты белгісіз. Соны тексеру үшін  іздестіріп, аңшылар шығып іздестіріп жатқан.


Қасқыр тістеген келіншек дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған құтырма дертіне қарсы екпе салынған. Денсаулығына қауіп жоқ дейді ақ халаттылары. Қарынында тістің ізі қалғанын айтты. Қазір үйіне босатылыпты.

З. Санай