$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ішкі нарықта отандық құс етінің үлесі артады

AstanaTV
14.12.2020ж. 20:00
2259
Ішкі нарықта отандық құс етінің үлесі артады

Отандық кәсіпкерлер шетелдік өнімге бәсекелес тауар шығарып ішкі нарықты өз ырқына алмақ. Елорданың іргесінде тұрған Макинск құс фабрикасы қуаттылығын арттырды. Енді кәсіпорын жылына 56 мың тонна өнім өндіреді. Бұл өткен жылғыдан екі есеге жоғары. Осының арқасында нарықта шетелдік құс еттерінің үлесі азаяды. Отандық кәсіпорын ішкі нарықтың 70 пайызын өз өнімімізбен жаулап алмақ.

Ақмола облысындағы ең ірі тауық фермаларының бірі Макинск кентінде орналасқан. Мұнда жылына 25 мың тонна құс еті өндірілетін. Биыл кәсіпорын өндірісі ұлғая түсті. Жаңа бройлер алаңдары пайда болып, жемдейтін цех және инкубатор мен зауыт пайда болды. Енді ферма жылына 56 мың тонна тауық етін өндіреді.

Абай БЕККЕРЕЕВ, «AITAS KZ» АҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:


Мақсатымыз өндірісті 5 есеге арттыру. Алдағы уақытта жылына 350 мың тоннаға дейін құс етін өндірмекпіз. Бұл 2027-ші жылға дейін арналған жұмыс жоспарымыз. Осының арқасында біз сұраныстың 50 пайызын жабатын боламыз.


Макинск тауық фермасы жаңа жұмыс үрдісімен ерекшеленеді. Жұмыс жоспарға сәйкес ол екі кезең бойынша іске асты. Біріншісі тауық фермасының құрылысы. Екіншісі оның қуатын арттыру. Жобаның екеуін де "Бәйтерек" холдингінің еншілес құрылымы - Қазақстан Даму банкі қаржыландырды.

Әсел ШИТЕНОВА, "ҚДБ" АҚ КЛИЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ АҒА БАНКИРІ:

Жобаның негізгі көздегені импорттың орнын басу. Тағы бір мақсатымыз әлеуметтік спектр. Яғни, жаңа жұмыс орындарын құрып аймақты дамыту.

Фабрикада осы күнде Макинскі мен маңындағы елді мекендерден жүздеген адам жұмыс істеп жүр. Жақында кәсіпорын қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.

Абай БЕККЕРЕЕВ, «AITAS KZ» АҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Макинск құс фермасының екінші кезеңін іске қосу арқылы біз қосымша 570 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтимыз. Болашақта шашамен 1,5 мың адамды жұмыспен қамтимыз. Жоба қуаттылығы жылына 56 мың тонна құс етіне жетеді. Кейіннен Макинскі құс фермасы жылына 100 мың тоннаға дейін тауық етін шығарады.

2022 жылға қарай Макинск құс фабрикасы ішкі нарықтың 40 пайызын өз өнімімен жаппақ. Қазірдің өзінде кәсіпорынның үлес салмағы 22 пайызды құрайды. Фабрикадан шыққан құс еті, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарына жеткізіліп жүр. Келер жылы өнімді Қостанай мен Алматы өңіріне шығару жоспарланып отыр.

Д. Мұхаммедкәрім