Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанада ЭКСПО көрмесінде белсенді қызмет еткендер марапатталды

AstanaTV
15.09.2017ж. 20:00
2798
Астанада ЭКСПО көрмесінде белсенді қызмет еткендер марапатталды

ЭКСПО көрмесінде белсенді қызмет еткендер марапатталды. Оларға тиісті сый-сияпатты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев табыстады. Үздіктер 30 номинация бойынша марапатталды. Олардың қатарында өрт сөндірішілер, энергетиктер, коммуналды шаруашылық қызметкерлері мен дәрігерлер де бар.

Фельдшер Күнімкүл Болатбек ЭКСПО көрмесі кезінде 600-ден аса шақырту бойынша халыққа қызмет көрсетті. Ал такси жүргізушісі үш айдың ішінде 1099 тапсырысты орындаған. Сонымен қатар, 20 ерікті студент қала әкімінің білім гранттарына ие болды.