Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қазақстанда екі жел электр станциясы салынады

AstanaTV
21.12.2020ж. 20:00
3140
Қазақстанда екі жел электр станциясы салынады

Табиғи таза әрітиімді энергия өндіру. Балама энергия көздері. Елдің негізгі мақсаттарының бірі. Жақында ел аумағында желдің күшімен жұмыс істейтін екі электр стансасын салу жоспарланып отыр. Жел электр станциялары Алматы мен Ақмола облыстарында салынбақ. «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарушы директоры Серік Түтебаевтың айтуынша, таза энергия 400-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтып, елдің энергетикалық әлеуетін арттырады.  

Елді есеңгіреткен пандемия энергетика саласына да әсер етпей қоймады. Кәсіпорынның 150-ден астам маманы вирус жұқтырыпты. Компания қиын жағдайға тап болған қызметкерлеріне барынша қолдауға білдірген. Арнайы штаб құрып, індеттің алдын-алу шараларын шұғыл қолға алды. Холдинг басшысы "қысылтаяң шақта қызметкерлерді қысқарту немесе жалақыны кешіктіру сияқты мәселелер тумайды", деп отыр. Керісінше, энергетиктерге жәрдемақы мен үстемақы қарастырылған екен.

Серік ТҮТЕБАЕВ, «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ АКТИВТІ БАСҚАРУ БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОР:


2020 жыл бізге қиын бір экзамен сияқты болды. Персоналымыз жақсы жұмыс істеп, алға қойған барлық жоспарларымызды орындадық. Ремонт жұмыстарын уақытысында бітіріп,  қазір қысқа кірдік.


Холдинг биыл әбден тозығы жеткен Шардара су электр станциясының жаңарту жұмыстарын да аяқтады. Жоба құны 38 млрд теңгені құрап отыр. Нысан енді тағы 50 жылға дейін ел игілі үшін қызмет етуі тиіс. Бұдан бөлек, компания келер жылдан бастап екі өңірден жел электр станциясын тұрғызбақ. Атап айтқанда, Алматы облысында жылына 225 мың кВТ тоқ өндіретін 24 қондырғы салынса, Ерейментау қаласында дәл сондай 11 қондырғы орнату жоспарланып отыр. Оның арқасында 400-ден астам адам жұмыспен қамтылатын болады.

Серік ТҮТЕБАЕВ, «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ АКТИВТІ БАСҚАРУ БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОР:


Қазақстанда жеткіліксіз болып жатқаны регулирущий мощность дейді. Кешке жақын электроэнергия жетпей жатыр. Соның амалын ойлап, мынау ГЭС-ті салсақ па деген жоспарымыз бар. Министрлікпен бірге. Жолын іздеп жатырмыз. Ол 300 мВТ қосымша электроэнергия береді. Кешке жақын. Қапшағай ГЭС-тен. Алматының ГЭС-ін газға көшіреміз деп соның проектарын жасап жатырмыз.


«Самұрық-Энерго» Қазақстандағы электр энергиясының шамамен 30%-ін өндіреді. Штатында 18 мың адам жұмыс істейді. Экономикалық тұрғыдан оңай соқпаған 2020 жыл ұжымды тек шыңдай түсті. Сондықтан, энергетика нарығында 13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компанияның алдына қойған жоспарлары мол.

А. Мүтәлі