$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Елбасы Тәуелсіздік күнімен құттықтады

AstanaTV
15.12.2020ж. 20:00
1925
Елбасы Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол: "Біз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз. Үстірт пен Қарт Каспийдің жағасын, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан байтақ даланың заңды мұрагеріміз", деп атап өтті. "Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ал оны сақтап қалу одан да зор міндет" деді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ:

Тәуелсіздікті алып, оны дүниеге паш ету бір бөлек, ал сол тәуелсіздікті сақтап қалу одан да зор міндет. Бұрынғы Кеңес Одағы құлаған тұста дүниедегі ең үлкен экономикалық дағдарысты артқа тастап, қазіргі жаһандық пандемияны да еңсеріп отырмыз. Басымызға түскен сынақтар бізді шыңдап, рухымызды күшейтіп, жігерімізді арттырды, ортақ мақсатқа жұмылуымызға түрткі болды. Қазақстанның даму мен өркендеу жолында үнемі алға басуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, берік негіз қалыптастырдық.

Д. Мұхаммедкәрім




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах