$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жеке бизнесін ашу үшін 50 мың азаматқа шағын несие беріледі - «Nur Otan» партиясы

AstanaTV
21.12.2020ж. 20:00
1748
Жеке бизнесін ашу үшін 50 мың азаматқа шағын несие беріледі - «Nur Otan» партиясы

«Nur Otan» партиясы жеке кәсіп ашуға ниетті 50 мың азаматқа шағын несие беруді көздейді. Бұл туралы Республикалық сайлауалды штаб өкілдерінің өңірлерге сапары барысында белгілі болды.

Жетекші партияның үгіт-насихат тобы, Қызылордадағы сайлаушыларымен кездесті.  Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек, өз сөзінде партияның 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтер мен әртүрлі мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігін қамтитын Гендерлік қажеттіліктер картасы әзірленгенін айтты.  

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:

Партия тарапынан кәсіпкерлерімізді, әйел азаматтарымызды қолдаймыз. Қазір елде 1 миллион 300 мың кәсіпкер тіркелген. Соның 43 пайызы әйелдер. Елбасының бір сөзі бар біз «Біз дамимыз десек, онда шағын және орта бизнесті жақсы дамыту қажет».  Жақсы дамыған бизнес көп жұмыс орындарын ашуға сеп болады, жұмыс орындары ашылады. Экономикамыз тұрақты болады.


Сайлауалды бағдарламада нұротандықтар жеке кәсібін ашуға ниетті азаматтарға шағын несие беруде көздеп отыр. Әсіресе ауыл азаматтарын қолдауға бағытталмақ. Бұдан бөлек, «Жауапты азамат – жауапты қоғам – жауапты мемлекет» формуласы бойынша жалпыға ортақ жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынды. Нұротандықтар елдегі өзекті мәселелерді бірлесе шешу мен мемлекетті дамыту ісіне қоғам белсенділерін қарқынды түрде араластыруды жоспарлап отыр.

Мұрат БАХТИЯРҰЛЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қызылорда облысы үшін 2-3 мәселе шешуін таппаған бірнеше мәселе бар. Әлі күнге шешіліп келе жатыр. Ол экологиялық мәселе. Солтүстік Аралдың сол жағалауына байланысты экономикалық сараптамалар жасалып жатыр.  Егер оны алдағы 5 жылда іске асырсақ облыстың экологиялық ахуалы бұдан бірнеше есеге жақсара түсетін болады. Бұл үлкен жетістік!


Ғ.Өтемісов