Кәсіпорындарға мемлекет тарапынан лайықты көмек көрсетілуі қажет. "Ақ жол" демокртиялық партиясының үгіт-насихат тобы, қарағандылық сайлаушыларға осыны жеткізді.
Партияның үгіт-насихат тобы Абай қаласындағы тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Бұл фабрика 20 жыл үзілістен кейін, қайта ашылған. Қазір 120 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Пандемия кәсіпорын жұмысына кері әсер еткен. Соған қарамастан ұжым мемлекеттен ешқандай көмек ала алмай келеді. "Ақ жол" партиясының өкілдері шағын және орта бизнесті қолдауға дайын. Олар банктік пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуді ұсынып отыр.
Ермек ӘБІЛДИН, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Екінші деңгейлі банктердің өздерінің ішкі политикасы бар, ішкі саясаты бар. Оларда орталық Қарағанды қаласы болса, орталықтан 30 шақырымнан асқан жерде орналасқан кәсіпорындарға несие беру мәселесі қиын қаралады екен. Әрі кепілдікке алмайды екен нысаналарды.
Дәния ЕСПАЕВА, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мұндай кәсіпорындар мемлекет қолдауынан қалыс қалып отыр. Демек , бізге әрбір кәсіпорынмен нақты жұмыс істеу керек. Біз өз бағдарламамызда бизнестің дамуына қолбайлау болған екінші деңгейлі банктердегі пайыздық мөлшерлемелер мәселесін тізіп жаздық. Алдағы уақытта осы түйіткілдер лайықты шешімін табады деп сеніммен айта аламын.
Кездесуде бұдан бөлек карантиннің кәсіпкерлікке тигізген зардабы сөз болды. Партия мүшелері мұндай кезеңде жұмыс орындарын сақтап қалу маңызды екенін жақсы түсінеді. Тек онымен шектелмей, жаңа жұмыс күшін жұмылдыру үшін қосымша өндіріс ошақтарын ашуды көздейтіндерін жеткізді.
Ғ. Өтемісов