Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елордада "ADAL" партиясы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді

AstanaTV
22.12.2020ж. 20:00
1631
Елордада "ADAL" партиясы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді

"ADAL" партиясы бүгін елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Бұл саяси ұйымның үгіт-насихат науқаны басталғалы ұйымдастырған үшінші іс-шарасы.

Жұмыссыздар санын азайту адалдықтардың сайлауалды бағдарламасындағы ең өзекті тармақтарының бірі. Олар 10 желтоқсаннан бері Алматы мен Шымкенттегі жұмыссыздардың екі қолға бір күрек табуына жәрдемші болған. Ал, бүгін жәрмеңке ел астанасында жалғасын тапты. Бір күндік жәрмеңкеге 20-ға жуық кәсіпорын қатысқан. Жұмыс іздеген 70-тен аса азамат түйіндемелерін қалдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елордада механизаторлар мен құрылысшыларға сондай-ақ менеджерлерге сұраныс көп.

Серікбол ӘБЖАНОВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
15 компания өздерінің сұрақ-талаптарымен дайын тұр, жұмыс керек деген адамдарға. Біз де өз жағымыздан сол барлық әлеуметтік желілерде барлық қазіргі уақытта мүмкіндік бар ғой сол таратып, кісілерде шақырдық. Кісілер келіп жатыр. Мысалы, 1 сағаттың ішінде 30 шақты адам келіп, резюмелерін тастап сұхбаттасып, қарым-қатынас осыдан басталды.

Жәрмеңкеде эпидемиологиялық жағдайға байланысты, барлық санитарлық талаптар сақталды. "ADAL" партиясының жақтастары қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешу үшін күш  салуға бекініп отыр. Тіпті, жұмыссыздар - партияның ресми сайты арқылы өтініш жібере алады,- деді.
Партияның сайлауалды бағдарлмасында жұмыс іздеуге, жұмыссыз ретінде тіркелуге, жұмысқа орналасу немесе әңгімелесу кезеңдерінде көмек көрсететінін айтқан болатын.

Серікбол ӘБЖАНОВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Біздің "ADAL" партиясының сайтына өтініш берген кезде оның біздің партияның мүшелері өзі бақылауына алып, қай жерден болса да сол жергілікті біздің партияның мүшелері соған қолғанат болып, көмектесіп күшін салып жұмыс істейді.


А. Данияр