Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Электркарлар дәуірі басталмақ. Цифрландыру. Джек Ма-ның «Джексон» биі...

AstanaTV
16.09.2017ж. 20:00
2047
Электркарлар дәуірі басталмақ. Цифрландыру. Джек Ма-ның «Джексон» биі...

Әлемдік автонарықтың үштен біріне ие - Қытай табиғи отынмен жүретін автомобиль саудасын қысқарту жоспарын жариялады. Жалпы, әлемдік автонарықтағы ықпалды ойыншылар автоконцерндер емес, үкіметтер болып саналады. Сонымен әлемдік автонарықтың 80 пайызын құрайтын елдер бензинмен жүретін автомобильдерді ығыстырып шығаруды бастады. Қазір онша білінбейді, бірақ зерттеулер бойынша, мысалы, Қытайда қазір электркарлар 700 мыңдай болса да, 2025 жылдан  жылына 7 миллионға өспек. Біздің мұнай экспортының ауқымды бөлігі Қытайға жөнелтіледі, сонда қалай болады?..

Франция мен Ұлыбритания өткенде де айттық, 2040 жылға қарай бензинмен жүретін көлік саудасын жоймақ. Ал Норвегия оны 10 жыл ерте істемек. Мұнай шығаратын Норвегия... Бұл жоспар бөспе сөз емес, себебі батареялардың бағасы арзандап келеді. Bloomberg New Energy Finance мәліметі бойынша, АҚШ пен Еуро Одақта электркар бағасы мен қызмет көрсету құны кәдімгі  автомобиль бағасымен 2025 жылдарға қарай теңеседі. 

Халықаралық энергетикалық агенттік адамдар мінетін бензин тұтынатын көліктер 2040 жылы нарықта 7 пайызды ғана құрамақ, - дейді...

Осы аптада елімізде цифрландыру бойынша үлкен жиын өткен. Президент «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын үкіметке кері қайтарды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Потратить собираемся к 2021 году 251 миллиард тенге. А какая отдача от этой программы? Цифры нет. То есть если так будем работать, то на ветер деньги или для воровства деньги...Хочу, чтобы все поняли, что цифровизация – это не цель, это средство достижения абсолютного преимущества нашего, которое дает глобальная конкуренция. Без этого уважающая себя страна не может жить нормально. Нет конкуренции, отстанем и будем глотать пыль впереди идущих государств.  

Цифрландыру тіршілікті жеңілдету, қысқа қайырғанда. Мысалы, электронды қызмет көрсету. Электронды сауда. Электронды сауда демекші:
Майкл Джексон стилінде билеп жүрген Alibaba Group компаниясының басшысы, миллиардер Джек Ма. Жиналғандарды компаниясының туған күнінде таң-тамаша қалдырған. Оның интернет саудасы қызып тұр. Мысалы, жазда компаниясының саудасы туралы позитивті болжамдардың арқасында Джектің дәулеті бір түнде 2,8 млрд долларға артып, Bloomberg есебі бойынша 41,8 млрд долларға жеткен. Яғни акциялары солай сатылған. Бала кезіндегі армандарын іске асырып, билеп жүреді, осылай. Биі онша әдемі шықпаса да, көрермені тасырлата қол соғады...