Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясы елдегі экологиялық мәселелерді шешуге көңіл бөлмек

AstanaTV
22.12.2020ж. 20:00
1383
«Nur Otan» партиясы елдегі экологиялық мәселелерді шешуге көңіл бөлмек

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Маңғыстау облысына барды. Билеуші партия өкілдері аймақ тұрғындарымен, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті.

Штаб өкілдері алдымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» энергетикалық комбинатының ұжымымен кездесті. Онда еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақатты азайту бойынша партия ұсынған шаралар талқыланды. Бірқатар нақты ұсыныстар айтылды. Жергілікті тұрғындардың атынан сөз алған Айболат Шарау, өңірдің басты экологиялық проблемаға тоқталды. «Қошқар Ата» уран қалдықтары сақталатын қойманы рекультивациялау қажет деді. Халық денсаулығына қауіп  төндіріп отырған бұл мәселе ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған. Нұротандықтар оны міндетті түрде орындалуы тиіс мәселе ретінде, аймақтық сайлауалды бағдарламасына енгізді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:

Қошқар ата туралы мен қазір халықпен кездескен кезде айттым. Экологиялық мәселелер өте маңызды. Ірі жоба осы 5 жылдың ішінде партия тарапынан да уәде беріліп жатыр. Шешілетін болады.  

Сайлауалды штаб мүшелері атажұртқа оралған аймақтағы қандастармен де жүздесті. Штаб жетекшісі Бауыржан Байбек, Елбасы тапсырмасына сәйкес, тарихи Отанына оралуға бел буған қандастарға ақпараттық-құқықтық қолдауды күшейту, сонымен бірге оларды оқыту мен әлеуметтік бейімдеу де партия жоспарында бар екенін тілге тиек етті.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:

6-7 миллион қазақ шетелде тұрып жатыр. Соның бір миллионы Қазақстанға туған жеріне қоныс аударып келді. Сіздер үшін арнайы Елбасының шешімімен осындай ауыл ашылған. Мен осы ауылдың негізгі мәселесі бізге аурухана керек деп, соны айтып жатқандарыңызды білемін. Партия тарапынан қандай уәде береміз? 150 орындық аурухана салынады. Сосын көптеп жол салынады.


Ғ.Өтемісов