Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салықтан босатылуы қажет - "Ақ жол" партиясы

AstanaTV
23.12.2020ж. 20:00
1810
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салықтан босатылуы қажет - "Ақ жол" партиясы

«Ақ жол» демократиялық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы партия белсенділері Алматы қаласындағы әйгілі азық-түлік өнімдерін шығаратын компанияда болды.  

Партиялықтар кәсіпорын жұмысшыларының ұсыныстарын тындап, сауалдарына жауап берді. Шағын және орта бизнес иелері бірқатар мемлекеттік төлемдерден мүлде босатылуы қажет екенін де түсіндірді. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салық төлемеуі керек деген ұстанымда.

Юрий ШИН, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Біздің бүгінгі үгіт-насихат жұмысымыз қаладағы ең ірі деген компаниялардың бірінде өтіп жатыр. Бұл мекемеде ет пен ұннан жасалған тағамдар, кондитерлік өнімдер тағы да басқа заттар шығарылады. Кәсіпорынның жұмысшыларының ұсыныстарымен, сауалдарына жауап бердік.

Партия өзінің сайлауалды бағдарламасын экономиканы нығайту, нарықтық және бәсекелестік қағидаларды дамытуға арнаған. Бұдан өзге әлеуметтік мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылыпты. Олардың жоспарлары ұжымның көңілінен шықты. Айта кетейік, "Ақ жол" демократиялық партиясының 38 үміткері, алдағы саяси додада бақ сынамақ.

Әлия РАҚЫШЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Біздің партиямыз осындай компанияларға жағдай жасауға толығымен ат салысуға дайын және өзінің бағдарламасына көптеген қосылған шарттары, бағдарламасы бар. Мысалы, салық жөнінде. 02/02 Осы салықты төмендетуге барлық жағдайды жасауға дайын.


Мұндай үгіт-насихат жұмыстарын ақжолдықтар, еліміздің барлық қалаларында өткізуде. Партиялықтар «Біз жаңа және әділ елге апаратын өзгерістер бағдарламасын ұсынамыз» деп отыр.

Ғ. Өтемісов